Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы төрағасы Ырғыз және Шалқар аудандарында семинар өткізді
2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу барысында сайлау комиссияларының құрамдарын оқытудың каскадты әдіс кезеңдеріне сәйкес оқытуды өткізу үшін Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Н.М.Жүсіпов қараша айының 3-4 күні Ырғыз және Шалқар аудандарына іс-сапарға шықты.
Оқытуды өткізу барысында сайлау комиссиялары мүшелеріне әр түрлі бағытта дәрістер оқылып, кейстермен жұмыс жасалып, іскерлік ойындар жүргізілді.
Оқыту соңында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.





