Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы және қалалық сайлау комиссиясының мүшелері семинар жүргізді

Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

және қалалық сайлау комиссиясының мүшелері

семинар жүргізді

 

         Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы және қалалық сайлау комиссия мүшелері 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу барысында "Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын ұйымдастыру және өткізу" тақырыбында Ақтөбе қаласында  семинар өткізді.

         Семинар қазан айының 29 -ы күні Ақтөбе қаласындағы  №11 орта мектеп-гимназиясы (УСК №9) ғимаратында өтті. Семинарға Ақтөбе қалалық учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары ( № 1, 2, 3, 4, 5, 6,7,8 ) қатысты (барлығы 40 адам). Семинарға қатысушыларға әр түрлі бағытта дәрістер оқылып, рөльдік ойындар жүргізілді.

         Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

 

Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы және қалалық сайлау комиссиясының мүшелері семинар жүргізді
Дата публикации
29 октября 2022