2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу барысында Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы және комиссия мүшелері "Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын ұйымдастыру және өткізу" тақырыбында Ақтөбе қаласында семинар өткізді.
Семинар қазан айының 22-сі күні Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық академияның ғимаратында өтті. Семинарға Ақтөбе қалалық учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары және АСК мүшелері қатысты (барлығы 331 адам). Семинарға қатысушыларға әр түрлі бағытта дәрістер оқылып, кейстермен жұмыс жасалынды.
Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.



