Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу барысында "Қазақстан республикасындағы сайлау процесі: теория және практика" тақырыбында семинар өткізді.
Семинар қазан айының 18-20 күндері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының ғимаратында жүргізілді.Оқуға Ақтөбе қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары, хатшылары және мүшелері қатысты (барлығы 52 адам).
Оқу жоспарына сәйкес семинарға қатысушыларға Ақтөбе облыстық сайлау комиссия төрағасы Н.М.Жүсіпов және комиссия мүшелері сонымен қатар орталық сайлау комиссиясында оқып келген тренерлер оқу жүргізді.
Семинарға қатысушыларға әр түрлі бағытта дәрістер оқылып, кейстермен жұмыс жасалып және рольдік ойындар өткізілді.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.




