Облыстық сайлау комиссиясының мүшелері студент жастармен кездесті

Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Н.М.Жүсіпов және облыстық сайлау комиссиясының мүшесі С.Т.Кунтлеуова 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу барысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің экономика және құқық  факультетінің студенттерімен кездесу өткізді. Студенттер саны 180.

         Кездесу барысында сайлау науқандарына дайындықтың ұйымдастырушылық аспектілері мен оны өткізу, және де  сайлаушылардың конституциялық құқығы туралы ақпарат берілді.

Сайлау науқанының маңызын жастарға насихаттау мақсатында Астана қаласында өткен «Қазақстан республикасындағы сайлау процесі: теория және тәжірибе» тақырыбында жастар ұйымдарының өкілдеріне арналған оқыту курсы жобасының қатысушылары  Облыстық жастар ресурстық орталығы бөлім басшысы А.К. Уразалин және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің экономика және құқық факультетінің 3 курс студенті Т.М.Алдажаров жастарға сайлаудың маңызын ашып, оқу курсын өткізді.

Кездесу соңы сұрақ-жауаппен аяқталды.

Члены областной избирательной комиссии встретились со студенческой молодежью
Дата публикации
10 октября 2022