Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Н.М.Жүсіпов және мүшесі Н.М.Валиулова «Саңыраулардың Қазақ қоғамы» ҚБ Ақтөбе облыстық бөлімінің мүшелерімен кездесу өткізді

Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Н.М.Жүсіпов және облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Н.М.Валиулова «Саңыраулардың Қазақ қоғамы» ҚБ Ақтөбе облыстық қоғамдық ұйымының  мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларына байланысты мәліметтермен таныстырылып өтілді.

«Саңыраулардың Қазақ қоғамы» ҚБ Ақтөбе облыстық қоғамдық бөлімі ұйымының төрайымы З.Н.Телеушеваның тарапынан кезектен тыс сайлау барысындағы  дайындық жұмыстары мен «Саңыраулардың Қазақ қоғамы» Қоғамдық бірлестігіне диспетчерлік қызмет қажет екені баяндалды.

Тиісінше, қорытындылай келе қоғамдық бірлестік мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сұрақтарына жауаптар берілді.

Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Н.М.Жүсіпов және мүшесі Н.М.Валиулова «Саңыраулардың Қазақ қоғамы» ҚБ Ақтөбе облыстық бөлімінің мүшелерімен кездесу өткізді
Дата публикации
29 сентября 2022