Ақтөбе қаласы және аудандық сайлау комиссиясы төрағаларымен бейнеконференц байланысы арқылы отырыс өтті

Облыстық сайлау комиссия төрағасы Н.М.Жүсіпов қала және аудандық  сайлау комиссия төрағаларымен бейнеконференц байланыс арқылы отырыс өткізді

                                                                                     

Бейнеконференц байланысы арқылы өткен отырыста төменде аталған мәселелер бойынша  хабарлама жасалды:

  1. Ақпараттарды жариялауға дайындық: (аумақтық сайлау комиссиялары)

- Аумақтық сайлау комиссиялары (бос орын, ауыстырылған, егер болса қандай мерзімде ауыстырылады);

- Сайлау учаскелері (саны, орталықтары, шекаралары, телефондары)

- Учаскелік сайлау комиссиялары (мүшелер саны, комиссия құрамын көбейту, бос орындардың болуы/толтырылуы);

-  Хабар жарияланатын күн (сайтта, газетте)

  1. Сайлаушылар тізімін жасауды бақылау: (жергілікті атқарушы органдар)

- Өңірде қандай жұмыстар жүргізілуде (ведомствоаралық жұмыс топтары, тұрақты жұмыс істейтін алаңдар және т. б.)

- әр ауданда/қалада тізімдермен жұмыс істеу бойынша жергілікті атқарушы органдардағы  топтардың жұмысы.

- жергілікті атқарушы органдардағы Сall center/ өзге сервистер жұмысы.

- жергілікті атқарушы органдар тарапынан өтініштерді қабылдау бойынша жұмыс (уақытша тіркелгендер, вахтада жұмыс жасайтындар, студенттер және т. б.)

- мүгедектігі бар адамдар болып табылатын сайлаушылардың дауыс беруі үшін жағдай жасау (үш санат бойынша мүгедектігі бар адамдар саны, пандус, тактильдік көрсеткіштер, кабиналар және т.б.) туралы мәселелер қаралып, жергілікті атқарушы органдар мен Ақтөбе облыстық АСК-на тиісті тапсырмалар берілді.

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе қаласы және аудандық сайлау комиссиясы төрағаларымен бейнеконференц байланысы арқылы отырыс өтті
Дата публикации
28 сентября 2022