Ақтөбе облысының ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 25.09.2022

Ақтөбе облысының

 ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 25.09.2022

2022 жылдың 25 қыркүйекте ауылдық округтер әкімдерін сайлау 7 сайлау округтері бойынша өтті (Қарғалы ауданының Ащылысай ауылдық округі, Мәртөк ауданының Байнассай ауылдық округі, Мұғалжар ауданының Еңбек, Жұрын ауылдық округтері, Хромтау ауданының Көктау, Тассай ауылдық округтері, Шалқар ауданының Айшуақ ауылдық округі).

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 6520 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс беруге қатысқаны 5102 (78,25%).

Сайлауға 116 мүшесі (35 аумақтық, 81 учаскелік комиссия) бар 5 аумақтық сайлау комиссиялары мен 15 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.

Тіркелген 21 кандидат сайлау бюллетендеріне енгізілді, оның ішінде 9 - ы-3 саяси партияның өкілдері ("AMANAT" партиясынан - 6, "Ақ жол" ҚДП - нан - 2, "Ауыл" ХДПП – 1), 12 кандидат өзін-өзі ұсынған.

Барлық 7 сайлау округтерінде әкімдер сайланды.

Оның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған - 6, өзін – өзі ұсынған -1.

Сайланған әкімдердің барлығы мемлекеттік қызметшілер болып табылады (оның ішінде 6 - жұмыс істеп тұрған әкімдер).

Сайланған  әкімдердің орташа жасы – 39 жас, ең жасы – 31-де, жасы үлкені – 53-те.

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.

1

Қарғалы ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/documents/details/349575?lang=kk

2

Мәртөк ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/documents/details/388274?lang=kk

3

Мұғалжар ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/documents/details/349863?lang=kk

4

Хромтау ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/documents/details/349449?lang=kk

5

Шалқар ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/documents/details/349383?lang=kk

 

 

Ақтөбе облысының ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 25.09.2022
Дата публикации
25 сентября 2022