Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2022 жылғы 25 қыркүйекке тағайындау туралы Хабар

Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын

2022 жылғы 25 қыркүйекке тағайындау туралы

Хабар

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 5 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 7 ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды 2022 жылғы 25 қыркүйекке тағайындады:

 

  1. Қарғалы ауданында әкім сайлауы:

1) Ащылысай ауылдық округінде.

 

  1. Мәртөк ауданында әкім сайлауы:

1) Байнассай ауылдық округінде

 

  1. Мұғалжар ауданында әкім сайлауы:

1) Еңбек ауылдық округінде

2) Жұрын ауылдық округінде

 

  1. Хромтау ауданында әкім сайлауы:

1) Тассай ауылдық округінде

2) Көктау ауылдық округінде

 

  1. Шалқар ауданында әкім сайлауы:

1) Айшуақ ауылдық округінде.

 

         Бүгін 2022 жылғы 26 тамызда аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында облыстың 5 ауданында 7 ауылдық округтердің әкімдерін сайлау тағайындалды.

         Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.

         2022 жылдың 25 қыркүйекке тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

         Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2022 жылғы                        27 тамыздан басталады.

         Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.

 

 

Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2022 жылғы 25 қыркүйекке тағайындау туралы Хабар
Дата публикации
26 августа 2022