Ақтөбе облысының
ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 31.07.2022
2022 жылдың 31 шілдеде ауылдық округтер әкімдерін сайлау 3 сайлау округтері бойынша өтті (Алға ауданының Қарағаш ауылдық округі, Ырғыз ауданының Қызылжар ауылдық округі, Хромтау ауданының Тасөткел ауылдық округі).
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 2431 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс беруге қатысқаны 1991 (81,90%).
Сайлауға 51 мүшесі (21 аумақтық, 30 учаскелік комиссия) бар 3 аумақтық сайлау комиссиялары мен 6 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.
Тіркелген 9 кандидат сайлау бюллетендеріне енгізілді (оның 1-і «Ауыл» партиясынан, 8 кандидат – өзін-өзі ұсынған).
Барлық 3 сайлау округтерінде әкімдер сайланды.
Оның ішінде: әкім болып сайланған 3-і де өзін-өзі ұсынғандар.
Сайланған әкімдердің 1 мемлекеттік қызметкер, 2 бюджеттік сала қызметкерлері.
Сайланған әкімдердің орташа жасы – 36 жас, ең жасы – 31-де, жасы үлкені – 45-те.
Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.
|
1 |
Алға ауданы |
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/article/details/92287?directionId=13767&lang=kk |
|
2 |
Ырғыз ауданы |
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-irgiz/documents/details/388292?lang=kk |
|
3 |
Хромтау ауданы |
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/documents/details/330874?lang=kk |