Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын
2022 жылғы 31 шілдеге тағайындау туралы
Хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 3 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 3 ауылдық округ әкімдерін сайлауды 2022 жылғы 31 шілдеге тағайындады:
1) Қарағаш ауылдық округінде.
1) Қызылжар ауылдық округінде.
1) Тасөткел ауылдық округінде.
Бүгін 2022 жылғы 01 шілдеде аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында облыстың 3 ауданында 3 ауылдық округ әкімдерін сайлауды тағайындалды.
Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2022 жылдың 31 шілдеге тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 02 шілдеден басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.