Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері тақырыбында өткен облыстық семинар-кеңес туралы

Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері тақырыбында өткен облыстық семинар-кеңес туралы

 

         2022 жылдың 20-21 мамырында ҚР-ның Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары өтті.

         20 мамыр күні Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің құқықтық негіздерін түсіндіру мақсатында Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университетінің базасында облыс әкімі аппаратының басшысы, облыстық прокуратура және әділет департаменті, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, мемлекеттік органдар өкілдерінің, аумақтық референдум комиссиялары мүшелерінің, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне  ұйымдастырылған "Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері" жөніндегі облыстық семинар-кеңесі өтті.

         Бұл шарадан соң Ақтөбе облысының аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының мүшелерімен оқыту семинары ұйымдастырылып, К.Петров Ақтөбе қаласындағы учаскелік референдум комиссияларының жоспарлы жұмыс барысымен, оның ішінде азаматтар тізімін өзектендіру, мүгедек адамдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін учаскелерді жабдықтау бойынша қосымша шаралар мәселелерімен танысты.

         Соңында "Референдум учаскесінің ашылуы және дауыс беру процессі" тақырыбындағы рөлдік ойыны өткізілді.

         Осы кездесулердің қорытындылары бойынша учаскелік референдум комиссияларының жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар тұжырымдалды.

         Кейін К.Петров Ақтөбе қаласында №55, 70, 72 и 77 референдум учаскелерінің жұмыстарымен танысты.

         Сонымен бірге, 21 мамырда жоғарыда аталған мәселелерді талқылау мақсатында Хромтау ауданының аудандық  прокуроры, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы,  аудандық және учаскелік референдум комиссияларының мүшелерімен оқыту семинары өткізілді.

         Шара соңында қатысушыларға арналған "Референдум учаскесінің ашылуы және дауыс беру процессі" тақырыбындағы рөлдік ойыны өткізілді.

         Кейін К.Петров Хромтау қаласының №480 және 484, сондай-ақ, Хромтау ауданының Ақжар ауылдық округінде №447 референдум учаскелерінің жұмыстарымен танысты.

 

 

 

Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері тақырыбында өткен облыстық семинар-кеңес туралы
Дата публикации
21 мая 2022