Ақтөбе облысының ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 15.05.2022

 Ақтөбе облысының

 ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 15.05.2022

2022 жылдың 15 мамырында ауылдық округтер әкімдерін сайлау 3 сайлау округтері бойынша өтті (Әйтеке би ауданының Сарат ауылдық округі, Алға ауданының Сарықобда ауылдық округі, Қобда ауданының Бестау ауылдық округі).

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 1107 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс беруге қатысқаны 868 (78,41%).

Сайлауға 41 мүшесі (21 аумақтық, 20 учаскелік комиссия) бар 3 аумақтық сайлау комиссиялары мен 4 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.

Тіркелген 9 кандидат сайлау бюллетендеріне енгізілді (оның 6-ы 3 саяси партияның өкілдері, 3 кандидат – өзін-өзі ұсынған).

«AMANAT» партиясынан - 2, «Ауыл» партиясынан – 3, «Ақ жол» партиясынан – 1.

Барлық 3 сайлау округтерінде әкімдер сайланды.

Оның ішінде:  «AMANAT» партиясынан ұсынылған -  2 адам, өзін-өзі ұсынған  - 1 адам әкім болып сайланды.

Сайланған әкімдердің барлығы мемлекеттік қызметкерлер.

Сайланған  әкімдердің орташа жасы – 34 жас, ең жасы – 30-да, жасы үлкені – 40-та.

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.

1

Әйтеке би ауданы

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/documents/details/306833?lang=kk

2

Алға ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/372839?lang=kk

3

Қобда ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-khobda/documents/details/305806?lang=kk

 

 

Ақтөбе облысының ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 15.05.2022
Дата публикации
15 мая 2022