«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның (бұдан әрі – Конституциялық заң) 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфир мен баспа алаңын берудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралдары сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей (2022 жылғы 29 сәуірден кешіктірмей) хабарлануға және жариялануға тиіс.
Бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың үгіттік материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспа алаңын эфирге және баспа алаңына ақы төлеу мөлшері, ұсыну шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін ұсына алмайды. ҚР ӘҚБтК-нің 112-бабына сәйкес заңнаманың осы нормасын бұзу лауазымды адамдарға - 30 АЕК мөлшерінде, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Алға, Әйтеке би, Қобда аудандарының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша эфир мен баспа алаңын берудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер аудандық аумақтық сайлау комиссияларына берілуге тиіс.
Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы
Актобе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, каб. 140,
код: (87132); тел.: 54-15-75; 54-72-11, е-mail: tic_akt_obl@saylau.kz