Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2022 жылғы 15 мамырға тағайындау туралы Хабар

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 3 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 3 ауылдық округ әкімдерін сайлауды 2022 жылғы 15 мамырға тағайындады:

 

  1. Әйтеке би ауданында әкім сайлауы:

1) Сарат ауылдық округінде.

 

  1. Алға ауданында әкім сайлауы:

1) Сарықобда ауылдық округінде.

 

  1. Қобда ауданында әкім сайлауы:

1) Бестау ауылдық округінде.

 

         Бүгін 2022 жылғы 15 сәуірде аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында облыстың 3 ауданында 3 ауылдық округ әкімдерін сайлау тағайындалды.

         Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.

         2022 жылдың 15 мамырына тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

         Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2022 жылғы                        16 сәуірден басталады.

         Сайлау туралы ақпарат тиісті аудандық аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.

Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2022 жылғы 15 мамырға тағайындау туралы Хабар
Дата публикации
15 апреля 2022