Ақтөбе облысының
ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 03.04.2022
2022 жылдың 03 сәуірінде Шалқар ауданының Шалқар қаласының және Мөңке би ауылдық округінің әкімдерін сайлау өтті.
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 18616 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс беруге қатысқаны 13212 (70,97%).
Сайлауға 103 мүшесі (аумақтық - 7, учаскелік - 96) бар 1 аумақтық сайлау комиссиясы мен 14 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.
Тіркелген 6 кандидат сайлау бюллетендеріне енгізілді (оның 2-і екі саяси партияның өкілдері, 4 кандидат – өзін-өзі ұсынған).
«Ауыл» партиясынан – 1, Қазақстан халықтық партиясынан -1.
Барлық 2 сайлау округтерінде әкімдер сайланды.
Оның ішінде: өзін-өзі ұсынған - 2 адам.
Сайланған әкімдердің 1-і мемлекеттік қызметкер, 1-і бюджеттік мекеме қызметкері.
Сайланған әкімдердің орташа жасы - 35 жас, жасы - 33-те, жасы үлкені - 37-де.
Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабар аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылған.
|
1 |
Шалқар ауданы
|
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/documents/details/288264?lang=kk |
|
|
|
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/documents/details/288263?lang=kk |