«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
ҚР Конституциялық заңына сәйкес және 2022 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Шалқар ауданының Шалқар қаласы әкімінің және Мөңке би ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты, Шалқар аудандық «Шалқар» газетінде әкімге кандидаттарға баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары және тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
- Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру ақ-қара түсті орындауда 1 шаршы см құны – 110 теңге;
- Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру түрлі-түсті орындауда 1 шаршы см құны – 150 теңге;
- Сайлауалды үгіт материалдарын басылым сайтына орналастыру құны – 100 теңге;
- Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне үміткерлер ұсынылатын мәтіндік, фото, т.б. материалына өтінішхатпен бірге өз қолымен (әр бетке) немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қою құқығына кандидаттық сенімхаты бар тұлғаның міндетті түрде қолы қойылады;
- Сайлауалды үгіт материалы оны қаржыландыру көзі туралы ақпаратпен қоса беріледі;
- Макет жасау мен баспа орнын ұсыну үшін 100 пайыздық алдын ала төлем жасалады;
- Сайлауалды үгітті орналастыру «Сайлау-2022» белгісімен (бұл белгі жарнамаланатын материалдың аумағында орналасуы тиіс) қоса ұсынылады. Сайлауалды үгіт материалы оны қаржыландыру көзі туралы ақпаратпен бірге беріледі.
- Форс-мажорлық жағдайлар Қазақстан Республикасының жалпы белгіленген қолданыстағы заңдарымен анықталады.
Ескерту: Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясы түсіндірмелеріне сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.