Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың 2022 жылы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауында республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының  33-бабының 2-1-тармағына сәйкес облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшері 1-3-қосымшаларға сәйкес белгіленсін.

Кандидаттар өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен шығуы үшін оларға мемлекет бөлген қаражат шеңберінде баспа және/немесе желілік басылымдардағы, теле-, радиоарналардағы жарияланымдар көлемін өз беттерінше қайта бөлуге құқылы.

  1. Осы қаулы қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларына жолдансын.
  2. Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясының интернет- парақшасында жариялансын.

Комиссия төрағасы                                                Н. Жүсіпов

Комиссия хатшысы                                                Е. Шангереев

Ақтөбе қаласы,

2022 жылғы 25 қаңтар,

№65

2022 жылғы 25 қаңтардағы

№65 қаулыға

1 қосымша

Тұрғындарының саны 2000 адамға дейінгі

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттардың шығыстарының мөлшері

1) мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялау – 50 000 (елу мың) теңге;

2) теледидар бойынша бағдарламамен сөз сөйлеу (тікелей эфирде немесе жазып алынған) - 50 000 (елу мың) теңге;

3) радиода бағдарламамен сөз сөйлеу - 10 000 (он мың) теңге;

4) үгіт материалдарын шығару - 40 000 (қырық мың) теңге;

5) үй-жайларды жалға алу - 10 000 (он мың) теңге;

6) көліктік шығыстары - 40 000 (қырық мың) теңге.

Барлығы: 200 000 (екі жүз мың) теңге.

2022 жылғы 25 қаңтардағы

№65 қаулыға

2 қосымша

Тұрғындарының саны 2000-нан 5000 адамға дейінгі

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттардың шығыстарының мөлшері

1) мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялау – 50 000 (елу мың) теңге;

2) теледидар бойынша бағдарламамен сөз сөйлеу (тікелей эфирде немесе жазып алынған) - 50 000 (елу мың) теңге;

3) радиода бағдарламамен сөз сөйлеу - 10 000 (он мың) теңге;

4) үгіт материалдарын шығару - 50 000 (елу мың) теңге;

5) үй-жайларды жалға алу - 10 000 (он мың) теңге;

6) көліктік шығыстары - 50 000 (елу мың) теңге.

Барлығы: 220 000 (екі жүз жиырма мың) теңге.

2022 жылғы 25 қаңтардағы

№65 қаулыға

3 қосымша

Тұрғындарының саны 5000 адамнан астам

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттардың шығыстарының мөлшері

1) мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялау – 50 000 (елу мың) теңге;

2) теледидар бойынша бағдарламамен сөз сөйлеу (тікелей эфирде немесе жазып алынған) - 50 000 (елу мың) теңге;

3) радиода бағдарламамен сөз сөйлеу - 10 000 (он мың) теңге;

4) үгіт материалдарын шығару - 50 000 (елу мың) теңге;

5) үй-жайларды жалға алу - 20 000 (жиырма мың) теңге;

6) көліктік шығыстары - 70 000 (жетпіс мың) теңге.

Барлығы: 250 000 (екі жүз елу мың) теңге.

аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауында республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы
Дата публикации
31 января 2022