Ақтөбе облысы бойынша 2021 жылы ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау қорытындылары туралы

2021 жылы облыстың 12 ауданында 141 әкімнің 43-ін (30,5%) тікелей сайлау өткізілді.

Оның ішінде 36-ы (83,7%) - өкілеттік мерзімінің аяқталуына, 7-і (16,3%) – өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты.

Сайлау барлық 12 ауданда өтіп, 12 аумақтық және 91 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты (АСК - 84 мүше, УСК - 475 мүше).

 

            Барлық 43 округ бойынша 144 кандидат ұсынылды: өзін - өзі ұсыну жолымен - 65 (45,1%) кандидат, 79 кандидат 6 саяси партиядан («Nur Otan» партиясынан - 36 (45,6%), «Ауыл» - 17 (21,5%), «Ақ Жол» – 10 (12,7%), «ADAL» - 5 (6,3%), Қазақстанның Халық партиясынан – 9 (11,4%), Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан – 2 кандидат (2,5%).

            Ұсынылған кандидаттардың бір орынға орташа бәсекелестігі 3 адамды құрады.

            Аудан әкімдерінің кандидаттарды ұсынуы болған жоқ.

            Кандидаттардың 91-і мемлекеттік қызметшілер (63,2%), 38-і бюджеттік сала қызметкерлері (26,4%), 11-і коммерциялық құрылым қызметкерлері (7,6%), 1-і үкіметтік емес ұйым қызметкері (0,7%), 2-і  уақытша жұмыс істемейтіндер (1,4%),                1-і өзін-өзі жұмыспен қамтыған (0,7%).

            Оның ішінде: 124 ер адам (86,1%), 20 әйел адам (13,9%).

 

Сайланған 43 әкімнің 41- ін (95,3%) саяси партиялар ұсынған («Nur Otan» - 35 (85,4%) адам, «Ауыл» - 2 (4.9%) адам, «Ақ жол» - 1 (2.4%) адам, «ADAL» – 1 (2.4%) адам, Қазақстанның Халық партиясы - 2 (4.9%) адам), 2 адам (4.7%) өзін-өзі ұсынғандар.

Барлық сайланған әкімдердің 34-і мемлекеттік қызметшілер (79,1%), оның ішінде 26-ы ауылдық округ әкімдері (60,5%).

Сайланған әкімдердің 9-ы (20,9%) мемлекеттік қызметшілер болып табылмайды (7 - бюджеттік сала қызметкерлері (16,3%), 1 - коммерциялық құрылым қызметкері (2,3%), 1 - уақытша жұмыс істемейтін (2,3%).

2021 жылғы сайлау қорытындылары бойынша әкімдер корпусы 30,5%-ға жаңарды. 26 әкім (60,5%) қайтадан сайланды, 17 әкім (39,5%) алғаш рет сайланып отыр.

Әкім болып сайланғандардың 38-і (88,4%) ер адам, 5-і (11,6%) әйел адам.

Сайланған әкімдердің орташа жасы - 44 жас, ең жасы-26 жаста, жасы үлкені - 62 жаста.

 

43 округте өткен сайлауларға дауыс беруге 41024 сайлаушының 32157-сі қатысты (78.4%).

91 сайлау учаскелерінде кандидаттардың 168 сенім білдірілген адамдары (партиялар ұсынған 116 кандидаттың, өзін-өзі ұсынған 52 кандидаттың), 473 байқаушылар (партиядан 149, өзге де қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардан 324), 26 өңірлік БАҚ өкілдері тіркелді.

Дауыс беру күні әрбір учаскеде орташа есеппен байқаушылар саны 7,3 адамды құрады.

Сайлау науқаны кезеніңде арыз-шағымдар түскен жоқ.

 

2022 жылы заңмен белгіленген өкілеттік мерзімдері аяқталатын 22 ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауы өткізіледі.

 

Ақтөбе облысы бойынша 2021 жылы ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау қорытындылары туралы
Дата публикации
30 декабря 2021