Сайлау комиссияларының мүшелері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай марапатталды

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, экономиканы дамытуға сіңірген еңбегі, әлеуметтiк және сайлау саласындағы еңбек жетiстiктерi үшiн Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Оксана Анатольевна Сопрун «Құрмет» орденімен, Алға аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ақмарал Құралбайқызы Нұрмағамбетова «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен, Қобда аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ақшолпан Ақмәдиқызы Оразова Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар, елімізде және облыста өткен сайлауларды ұйымдастыру мен өткізуге белсене қатысып, қызметтерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгендері үшін аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері Орталық сайлау комиссиясы төрағасының, Ақтөбе облысы әкімінің және Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сайлау комиссияларының мүшелері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай марапатталды
Дата публикации
10 декабря 2021