Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін жетілдіру жөніндегі 2021 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында жыл басында Ақтөбе облысының қала, аудан әкімдері аппаратының мемлекеттік органдарының, басқармаларының интернет-ресурстарында мемлекеттік органдар қызметінің этикалық нормаларды сақтау тиімділігінің деңгейін анықтау үшін сауалнама орналастырылды.
2021 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша сауалнамаға облысымыздан 1719 азамат қатысты.