«Бірыңғай есеп беру күні» Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ұлттық инвесторлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша өткізіледі.
2021 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі бақылау және қадағалау органдары, Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен онлайн режимінде «Бірыңғай есеп күнін» өткізді.
Іс – шараның басты міндеті – бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту, сындарлы шешімдер әзірлеу, қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, бұзушылықтардың жүйелі алдын алуды, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын дамыту.
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті басқармасынан, Ақтөбе көлік прокуратурасынан, Ақтөбе облысының Мемлекеттік кірістер департаментінен, санитарлық - эпидемиологиялық бақылау департаментінен, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен спикерлер сөз сөйледі.
Аталған кездесуге 70-тен астам адам қатысты, кәсіпкерлік субъектілері сұрақтар қойып, оларға бақылау-қадағалау органдарының өкілдерінен толық жауап алды.