Ауылдық округтердің әкіміне кандидаттардың ұсынылу қорытындылары туралы хабар - 03.09.2021
Бүгін, 2021 жылдың 19 қыркүйегіне тағайындалған сайлауға дайындық және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес жергілікті уақытпен сағат 18.00-де ауылдық округтердің әкіміне кандидаттар ұсыну аяқталды.
Науқан басталғаннан бері барлығы 13 кандидат ұсынылды.
4 ауылдық округте 9 сайлау учаскесі жұмыс жасайды, сайлау 8 елді мекенде өтеді.
12 кандидаттың сәйкестігі анықталды, 1 кандидат жазбаша өтінішімен өзінің кандидатурасын алып тастады.
Әрбір округ әкіміне кандидаттар саны үшеуден.
Саяси партиялардан 4 кандидат ұсынылды. Оның ішінде: "Nur Otan" партиясынан – 3 адам, Қазақстан Халық партиясынан - 1 адам.
Өзін-өзі ұсыну тәртібінде 8 кандидат құжаттарын ұсынды.
12 үміткердің 11-сі ер адам, 1-і әйел адам.
Кандидаттардың орташа жасы 36-да, ең жасы 27-де, жасы үлкені 59-да.
Кандидаттар қатарында мемлекеттік қызметшілер – 9, бюджеттік сала қызметкерлері – 3.
Қажетті құжаттарды ұсынумен қатар ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу жүргізілді. Тіркелген кандидаттар саны - 5, тіркеу 2021 жылдың 08 қыркүйегі жергілікті уақытпен сағат 18.00-ге дейін жалғасады.
Сайлау алды үгіт жүргізу 2021 жылғы 08 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 18.00-ден кейін басталып, 2021 жылғы 17 қыркүйекте сағат 24.00-де аяқталады.
Аумақтық сайлау комиссиялары тиісті ақпараттарды аудандық газеттерде жариялайды және аудан әкімдіктерінің сайтындағы интернет-парақшаларына орналастырады.