Ауыл, ауылдық округ әкіміне кандидаттардың 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған әкімдер сайлауында жергілікті бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының  28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-1-тармағына, «Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ауыл, ауылдық округ әкіміне кандидаттардың 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған әкімдер сайлауында жергілікті бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшері белгіленсін:

1) теледидар және радио бойынша бағдарламалармен сөз сөйлеу, сондай-ақ мерзімді баспа басылымдарында 2 мақала жариялау - 110 000 теңге сомасында;

2) үгіт материалдарын шығару - 50 000 теңге сомасында;

3) көлік шығыстары - 50 000 теңге сомасында;

4) үй-жайларды жалға алу - 10 000 теңге сомасында.

  1. Кандидат өзінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен шығуы үшін оларға мемлекет бөлген қаражат шеңберінде баспа және/немесе желілік басылымдардағы, теле-, радиоарналардағы жарияланымдар көлемін өз беттерінше қайта бөлуге құқылы.
  2. Осы қаулы аудандық аумақтық сайлау комиссияларына жолдансын.
  3. Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясының интернет-бетінде жариялансын.

 

 

 

                  Облыстық сайлау

комиссиясының төрағасы                                            Г. Күнбаева

               

                 Облыстық сайлау

комиссиясының хатшысы                                           Е. Шангереев

 

 

 

 

Ақтөбе қаласы,

2021 жылғы 29 маусым,

№54

Ауыл, ауылдық округ әкіміне кандидаттардың 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған әкімдер сайлауында жергілікті бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы
Дата публикации
29 июня 2021