Ақтөбе облысы бойынша «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» ҚБ аймақтық филиалы аумақтық сайлау комиссияларына ауылдық округтер әкіміне келесі кандидаттардың құжаттарын ұсынды:
Темір ауданы, Ақсай ауылдық округі - А.З. Құспанова
Темір ауданы, Кеңесту ауылдық округі – Н.С.Ибраймов
Ойыл ауданы, Көптоғай ауылдық округі - Қ. А. Сатығалиев
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» ҚБ Ақтөбе облыстық филиалы аумақтық сайлау комиссияларына ауылдық округтердің әкіміне келесі кандидаттардың құжаттарын ұсынды:
Алға ауданы, Тоқмансай ауылдық округі – Д.Б.Аппазов
Ойыл ауданы, Саралжын ауылдық округі - М.А.Рабаева
Бүгін ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Байғанин аумақтық сайлау комиссиясының отырысында әкімдікке 7 кандидаттың Конституцияда, сайлау туралы заңда, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігі жөніндегі мәселелер қаралып, хаттамаларға қол қойылды.
Бұдан басқа, ауылдық округтердің әкіміне кандидат ретінде 6 адам тіркелді, оның ішінде «Nur Оtаn» партиясының 2 мүшесі және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған 4 кандидат.