Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясына Көлтабан ауылдық округі әкімі бойынша өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған Қ.Қ.Спановтан құжаттар келіп түсті;
Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мынадай ауылдық округтер әкімі бойынша 6 кандидаттан:
Ақтоғай ауылдық округі бойынша Д.Ы.Ысқақовтан;
Есет Көтібарұлы ауылдық округі бойынша Ж.Ж.Көбеновтен;
Кішіқұм ауылдық округі бойынша А.Т.Ажмұратовтан
және А.Ш.Беркімбаевтан;
Шетырғыз ауылдық округі бойынша М.С.Досжановтан және Е.А.Құдайсүгіровтен тиісті құжаттарды қабылдады.
Шалқар ауданының ауылдық округтері әкімдеріне барлық 7 кандидат, бір күн бұрын өтініш берген Е.Е.Қаниевпен бірге, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылып отыр.
Кандидаттардың сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына, Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін анықтау үшін сайлау комиссиялары уәкілетті органдарға тиісті сұрау жіберуде.