Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттарының сайлауы бойынша науқан аясында облыстық сайлау комиссиясының отырысы
Бүгін Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттарының сайлауы бойынша науқан аясында облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша облыстық мәслихатының депутаттарын сайлауға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы мәселе қаралды.
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды, партиялық тізімді ұсыну 2026 жылғы 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталды.
Қазіргі уақытта барлық саяси партиялардың құжаттары партиялық тізімдерге енгізілген азаматтардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру үшін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданды
Партиялық тізімдерді және бірмандаттық сайлау округтерден мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж.1 қараша күні, сағат 18.00- ге дейін.

21