Ақпараттық порталы qoslive.kz ақпараттық хабарлама

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, Коскина А.Т. жеке тұлғаның меншігіндегі qoslive.kz ақпарат порталы (БАҚ-ты есепке қою туралы № KZ15VPY00161846 куәлігі) 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Ақтөбе облысы мәслихаттары депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партиялар мен бірмандаттық округтерден ұсынылған кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңдарды беру шарттары мен ақы мөлшері туралы хабарлайды.

Материалдарды орналастыру кандидаттың, оның уәкілетті өкілінің немесе саяси партияның жазбаша өтініші мен 100% алдын ала төлем жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады. Барлық материалдарда «Материалды орналастыру ақысы төленген» деген белгі және қаржыландыру көзі көрсетілуі міндетті.

Qoslive.kz порталы және оның әлеуметтік желілерінде үгіт материалдарын орналастыру жекелеген қызметтер прайс-листі қосымша жіберіледі.