"Керек ИНФО"газет. Ақпараттық хабарлама

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

       Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, «Керек. INFO» газетінің редакциясы сайлауалды науқан кезеңінде Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын кандидаттарды «Керек. INFO» газетінде, www.kerek-info.kz сайтында және Instagram желісіндегі @kerekinfo_aktobe парақшасында үгіт материалдарын орналастыру құны мен оларды орналастыру тәртібі туралы хабардар етеді.

Үгіт материалдарын орналастыру шарттары мен тәртібі

 

   «Керек. INFO» газетінде, www.kerek-info.kz сайтында немесе Instagram әлеуметтік желісіндегі @kerekinfo_aktobe парақшасында үгіт материалдарын орналастыру үшін депутаттыққа кандидаттар редакцияға мына мекенжай бойынша жүгінуі қажет: Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 26Р.

     Үгіт материалдары «Керек. INFO» газетінде, сайтта немесе Instagram парақшасында жарияланатын күннен кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын редакцияға ұсынылуы тиіс.

     Дайын жарияланымдарда оларды қаржыландыру көздері және жарияланым үшін ақы төленгені туралы ақпарат міндетті түрде көрсетілуі керек.

    Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда, сондай-ақ үгіт материалдарында саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпарат болған кезде редакция оларды қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Толық ақпаратты мына телефон нөмірлері арқылы алуға болады: +7 707 955 03 05, +7 705 917 91 31.

      «Керек. INFO» газетінің ақ-қара түсті бетінде жарнаманы орналастыру құны 1 шаршы сантиметр үшін 400 теңгені құрайды (ҚҚС-ты қоса алғанда).

www. kerek-info.kz сайтының басты бетінде баннерлік жарнаманы орналастыру құны – 50 000 теңге (ҚҚС-ты қоса алғанда).

 www.kerek-info.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру құны – 60 000 теңге (ҚҚС-ты қоса алғанда).

Instagram әлеуметтік желісіндегі @kerekinfo_aktobe парақшасында жазба жариялау құны – 25 000 теңге (ҚҚС-ты қоса алғанда).

А5 форматындағы парақшаларды дайындау құны – бір данасы үшін 600 теңге.

А4 форматындағы парақшаларды дайындау құны – бір данасы үшін 1 000 теңге.

А3 форматындағы парақшаларды дайындау құны – бір данасы үшін 1 800 теңге.

 

Редакциялық кеңес