"Мой город" редакциясы Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға арналған сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдары мен ақпарат орналастыру қызметтерінің бағалары туралы ақпараттық хабарлама

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға арналған сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдары мен ақпарат орналастыру қызметтерінің бағалары туралы ақпараттық хабарлама

 

Сайлау алдындағы үгіт-насихат 2026 жылғы 1 қарашада сағат 18.00-де басталып, 2026 жылғы 28 қарашада сағат 00.00-де аяқталады.

Үгіт-насихат материалдары* https://mgorod.kz сайтында,«Мой город» газетінде және @mgorod.kz_media инстаграм-аккаунтында келесі форматта орналастырылады:

 

 

Материал түрі

Көлемі

ҚҚС қоспағандағы құны, теңгемен

Мақала

8000-10000 таңбадан (араларын қосқанда), 5 фотосуреттен аспауға тиіс.

300 000

Instagram материалы

Фото/бейнепост

200 000

«Мой город» газеті

Шаршы см.

800

 

Баннерлік жарнама

Позиция

Көлемі

Бір тәуліктегі ҚҚС қоспағандағы құны, теңгемен

Үстіңгі баннер

Desktop 1280 x 120 px

Mobile – 400 x 120 px

40 000

Бүйірлік баннер

Desktop 300 x 250 px

40 000

 

*Барлық үгіт-насихат материалдары дайын күйінде ұсынылады және сайттың меншік иесі тарапынан редакциялық өңдеу жүргізілмейді.

 

Үгіт-насихат материалдары Кандидатпен немесе Сенімді өкілмен жасалған Ынтымақтастық туралы шарт бойынша күні, көлемі және мерзімдері көрсетілген жазбаша өтінішке сүйеніп орналастырылады.

Хатқа (өтінішке) міндетті түрде келесі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:

- Кандидаттың жеке басын куәландыратын құжат,

- Кандидат ретінде тіркелгенін растайтын құжат,

- сенімді өкілдер үшін – Кандидат атынан өкілге өкілеттіктер берілгенін растайтын құжат және оның жеке басын куәландыратын құжаты.

Шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған шотқа сәйкес 100% алдын ала төлем жүзеге асырылуға тиіс.

Егер мазмұнында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдарды құру идеялары болатын болса, «Мой Город» редакциясы ондай үгіт-насихат материалдарын дайындап шығарудан және оларға баспа алаңын ұсынудан бас тартады.

«Мой город» редакциясы кандидаттардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпаратты насихаттайтын үгіт материалдарын жариялаудан бас тартуға құқылы. Материалды ұсынған Кандидат редакция талап еткен жағдайда үгіт-насихат материалдарындағы жоғарыда аталған сипаттағы мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Үгіт-насихат материалдарын ұсынған Кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады. Осы хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда, үгіт материалдары жарияланбайды немесе бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Осы хабарламада көрсетілген қызметтерді ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

 

 

Қосымша ақпарат 8 777 478 0004, 8(7112) 500-678 телефондары бойынша беріледі