Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2026 жылғы 8 қарашасына тағайындау туралы хабар

Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын

2026 жылғы 8 қарашасына тағайындау туралы хабар

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 2 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 2 ауылдық округтер әкімдерінің сайлауды 2026 жылғы 8 қарашасына тағайындады:

 

  1. Байғанин ауданында әкім сайлауы:
  • Қызылбұлақ ауылдық округінде

 

  1. Шалқар ауданында әкім сайлауы:

      1) Бершүгір ауылдық округінде

 

         Бүгін 2026 жылғы 30 қыркүйекте 2 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында 2 ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы тағайындалды.

         Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.

2026 жылғы 8 қарашасына тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

         Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2026 жылғы 1 қазаннан басталады.

         Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.

 

 

 

Дата публикации
30 сентября 2026