2025 жылы облыстың жергілікті атқарушы органдары жалпы 11 млн 763 мың мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде 11 млн 619 мыңы электрондық форматта ұсынылды. Электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі көрсетілген қызметтердің жалпы санының 98,7 %-ын құрады (2024 жылы – 98,5 %).
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 839 түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты 248 маман біліктілікті арттыру курстарынан өтті.