Ақтөбе облысының ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 07.06.2026

Ақтөбе облысының

ауылдық округтер әкімдерін

сайлау қорытындылары туралы – 07.06.2026

 

Ағымдағы жылдың 7 маусымда 3 ауданда (Темір, Хромтау, Ырғыз) 4 ауылдық округтер әкімінің сайлауы өтті: 2 – өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты, 2 – өкілеттіліктер мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты.

Оған 3 аумақтық және 7 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

         4 сайлау округі бойынша 12  кандидат ұсынылды: 3 (25%) «AMANAT» партиясынан, 1 (8,3%) «Ауыл» партиясынан,  8 (66,7%) өзін-өзі ұсыну.

9 (75%) - мемлекеттік қызметшілер, 1 (8,3%) - бюджеттік сала қызметкерлері, 2 (16,7%) – уақытша жұмыссыз.

Сайлауға 12 кандидат қатысты.

Сайланған әкімдер: 1 - мемлекеттік қызметші, 1 - бюджеттік сала қызметкер, 2 – уақытша жұмыссыз.

3 – «АМАNАТ» саяси партиясы, 1 «Ауыл» партиясы ұсынды.

Сайланған әкімдердің орташа жасы 39 жаста, ең кішісі 36 жаста, ең үлкені 49 жаста.

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.

 

 

Дата публикации
08 июня 2026