Ақтөбе облысындағы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын
2026 жылғы 14 маусымына тағайындау туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 1 ауданның аумақтық сайлау комиссиясы 1 ауылдық округі әкімінің сайлауды 2026 жылғы 14 маусымына тағайындады:
Бүгін 2026 жылғы 6 мамырында Ақтөбе облысы Темір ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысында Кеңқияқ ауылдық округінің әкімін сайлауы тағайындалды.
Әкімі сайлау бойынша сайлау округі құрылды.
2026 жылғы 14 маусымға тағайындалған ауылдық округ әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2026 жылғы 7 мамырдан басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.