Ақтөбе облысындағы қала, ауылдық округтер және ауыл әкімдерінің сайлауын 2026 жылғы 7 маусымға тағайындау туралы хабар

 

Ақтөбе облысындағы қала, ауылдық округтер және ауыл әкімдерінің сайлауын 2026 жылғы 7 маусымға тағайындау туралы хабар

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 3 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 4 ауылдық округтер әкімдерінің сайлауды 2026 жылғы 7 маусымға тағайындады:

 

  1. Темір ауданында әкім сайлауы:
  • Қайыңды ауылдық округінде

 

  • Хромтау ауданында әкімдер сайлауы:
  • Құдықсай ауылдық округінде
  • Тасөткел ауылдық округінде

 

  • Ырғыз ауданында әкім сайлауы:
  • Қызылжар ауылдық округінде

 

         Бүгін 2026 жылғы 29 сәуірде 3 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында 4 ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы тағайындалды.

         Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.

2026 жылғы 7 маусымға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

         Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2026 жылғы 30 сәуірден басталады.

         Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.

 

 

 

Дата публикации
29 апреля 2026