Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ақтөбе облысы-Қазақстан Республикасының ірі ауыл шаруашылығы өңірі

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ДАМЫТУ: ИНВЕСТИЦИЯЛАР, ӨНДІРІС ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚОЛДАУ

Ақтөбе облысында агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) дамыту өңір экономикасының басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік қолдау шаралары, инвестициялық жобалар және жеңілдетілген несиелеу тетіктері нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында тұрақты өсім қамтамасыз етіліп келеді.

Ақтөбе облысында 2025 жылы ауыл шаруашылығы саласының негізгі көрсеткіштері артты

2025 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы саласында 412,0 млрд теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 102,5 пайызды құрады.

Мемлекеттік қолдау

Ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында 2025 жылы жергілікті бюджеттен 16,8 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде:

  • мал шаруашылығына – 4,8 млрд теңге;
  • өсімдік шаруашылығына – 2,1 млрд теңге;
  • сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға – 5,9 млрд теңге;
  • инвестициялық субсидияларға – 3,5 млрд теңге;
  • өзге де субсидияларға – 0,5 млрд теңге бағытталды.

Мал шаруашылығы

Көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде төрт түлік мал санының тұрақтылығы сақталды. Атап айтқанда, мүйізді ірі қара саны 600,0 мың басты (99,3%), қой мен ешкі – 1 209,5 мың басты (99,0%), жылқы – 399,7 мың басты (110,5%), түйе – 24,0 мың басты (98,8%), құс – 1 245,7 мың басты (108,8%) құрады.

2025 жылы 117,2 мың тонна ет өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 101,8 пайызға, ал 180,8 мың тонна сүт өндіріліп, 102,5 пайызға артты.

Инвестициялық жобалар

Жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында жалпы инвестиция көлемі 6,6 млрд теңге болатын «АЙС» ЖШС сүт-тауарлы фермасын қосымша 800 басқа кеңейтуге арналған жобаның бірінші кезеңі іске қосылды. Кешеннің жылдық өндірістік қуаты 10 мың тонна сүтті құрайды.

Сонымен қатар, жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру үшін 4,25 млрд теңге көлемінде несие берілді. Аталған жоба толық іске асқанда өңірдегі сүт өндірісін екі есеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

«Ауыл Аманаты» жобасы

2025 жылдын бастап «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 219 кредит берілді. Республикалық бюджеттен бөлінген 4,0 млрд теңге Ақтөбе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының есепшотына аударылды. Жоба аясында 647 жаңа жұмыс орны құрылды.

Өсімдік шаруашылығы

2025 жылы облыс бойынша 426,4 мың гектар егіс алқабынан гектарына орташа 13 центнерден 554 мың тонна дәнді дақыл, 60,3 мың гектардан гектарына 12 центнерден 70 мың тонна майлы дақыл жиналды.

Сонымен қатар, 3,2 мың гектардан 65 мың тонна картоп, 2,1 мың гектардан 37 мың тонна көкөніс өндірілді. Егіс алқаптарын әртараптандыру мақсатында майлы дақылдар 13,2 мың гектарға, мал азығы дақылдары 42,8 мың гектарға ұлғайтылды.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін шаруашылықтарға 7,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, литрі 250 теңгеден, яғни нарықтық бағадан 15 пайызға дейін төмен бағамен жеткізілді.

Облыстағы астық сақтау орындарының жалпы сыйымдылығы 685,1 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында 381,0 мың тонна, шаруашылықтардың қоймаларында 304,1 мың тонна сақтау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, өңірде 15 астық кептіргіш жұмыс істейді.

Қаржыландыру және инвестициялар

«Кең дала–2» бағдарламасы аясында көктемгі егіс жұмыстарына 5,9 млрд теңге көлемінде несие берілді.

2025 жылдың 11 айында ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға 78,3 млрд теңге инвестиция тартылып, жоспардың 91,0 пайызы орындалды. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жалпы құны 13,8 млрд теңге болатын 8 инвестициялық жоба іске қосылды.

Бағаны тұрақтандыру шаралары

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында облыс аумағында тұрақты түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп келеді. Жыл басынан бері 671 жәрмеңке ұйымдастырылып, 2 752 тонна өнім 4,4 млрд теңгеге сатылды.

Тұрақтандыру қорына 5,2 млрд теңге бөлініп, қазіргі уақытта картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат бойынша жеткілікті қор қалыптастырылды.

Машина-трактор паркін жаңарту

Машина-трактор паркін жаңарту мақсатында 1 335 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынып, жаңару деңгейі 7,0 пайызды құрады.

Алдағы жоспарлар

2026 жылға арналған жеңілдетілген несиелеу шарттарын ескере отырып, облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытындағы жүйелі мемлекеттік қолдау алдағы уақытта да ауыл экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Документы
Кесте
26 декабря 2025
Ақтөбе облысы әкімінің аппараты
2026 жылғы 1-тоқсанға арналған Ақтөбе облысының әкімі және оның орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі
Ақпарат
16 октября 2025
Ақтөбе облысы әкімінің аппараты
2025 жылғы 3-тоқсанда облыс әкімдігінің жеке қабылдау туралы есебі
Ақпарат
03 октября 2025
Ақтөбе облысы әкімінің аппараты
2025ж 3-тоқсан кестесі Ақтөбе облысының әкімі және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесі_0
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
1
Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру үшін 2023 жылы 3,5 млрд теңге бөлінеді
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы