
1989 жылғы 25 қаңтарда Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданының Ақкөл ауылында дүниеге келген. 2010 жылы Алматы экономика және статистика академиясын, 2013 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетін, 2020 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі – қаржыгер, құқықтану және білім беру бакалавры.
Еңбек жолын 2014 жылы «Жарикесов И.К» ЖШС қамтамасыз ету бөлімінің экономисті болып бастаған.
2015 - 2017 жж. - «Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» ММ инспекторы, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы, Қаратөбе ауданы әкімнің көмекшісі.
2017 - 2020 жж. - «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру жұмысы, мемлекеттік қызмет мониторингі және бақылау бөлімінің бас инспекторы, құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық жұмысы бөлімінің азаматтық қорғау мәселелері жөніндегі бас инспекторы, Переметный ауылдық округі әкімінің орынбасары, Бәйтерек ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Бәйтерек ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
2020 - 2025 жж. - Ақтөбе қаласы әкімінің кеңесшісі, Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы.
2025 ж. сәуір айынан бастап – Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.