Меню

Страницы

Статья

Әдеп жөніндегі уәкіл кеңесіне жүгініңіз!

        «100 нақты қадамнан» тұратын Ұлт жоспарының алғашқы 15-i мемлекеттiк аппаратты кәсiбилендiруден басталады.

        Мұның өзi қазiргi таңда мемлекеттiк қызметке ерекше көңiл бөлiнiп отырғанының айғағы. Осы iс-шаралар аясында мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамаларға түбегейлi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлiп, жаңартылғандығы белгiлi.

        Жүйедегi өзгерiстер сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi қалыптастырып,  мемлекеттiк  менеджменттiң халықтың алдындағы абырой-беделiн көтерiп, оның сапалы моделiн жасауға бағытталған.
        18,6 мың тұрғыны бар Ойыл ауданында бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдарда -93 әкімшілік мемлекеттік қызметші өз үлестерін қосуда.
         Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызметі туралы» заңына сәйкес, Әдеп жөнiндегi уәкiл – қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын қадағалайтын және мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексi талаптары бұзылуының алдын алумен айналысатын, сондай-ақ, өз функциялары шегiнде мемлекеттiк қызметшiлер мен азаматтарға кеңес беретiн мемлекеттiк қызметшi.

          Заңнама талаптарына сай, Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілердің    құқықтары   мен    заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосады, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және қызметтік әдеп нормалары талаптарын бұзу профилактикасын қамтамасыз етеді, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация береді, сонымен қатар, мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан қызметшілерді көтермелеу туралы ұсыным білдіре алады.

        Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін дербес атқара алады және жұмыс қорытындысы туралы мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органға есеп беріп отырады.

        Осыған байланысты, мемлекеттік қызметшілер тарапынан құқықбұзушылықтар көрініс тапқан жағдайда, кез келген тұлға әдеп жөніндегі уәкілге жүгіне алады.

         Осы орайда маған аудан әкімінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы №2 өкімімен әдеп жөніндегі уәкіл қызметі жүктелді.

         Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер (тегі, аты-жөні: Тлепов Ербол Мырзабайұлы, және телефон нөмірлері: Жұмыс телефоны 8-71332-21-0-21, Ұялы телефоны: 87053817030, почта: e.tlepov@aktobe.gov.kz, Facebook: Ербол Тлепов, Instagram:erbol.tlepov) ресми интернет-сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil?lang=kk)  жарияланған.


Дата публикации
27 января 2022
Дата обновления
27 января 2022
Тип
Information

Сейчас читают

Information
27 ноября 2023
Could you please tell me when the 'National Fund for Children' program will start, and which financial institution will accumulate the contributions? How will the registration of potential program participants be conducted?
20 октября 2023
Нашақорлыққа жол жоқ!
08 сентября 2023
Құқық бұзушылықтың алдын алуда пробация қызметінің рөлі!

Социальные медиа

Акимат Уилского района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты