Меню

Страницы

Статья

Заңдағы жаңашылдық - Әкімшілік әділет

                              Заңдағы жаңашылдық - Әкімшілік әділет

 

         Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында: «Азаматтарымыз жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жатады. Олардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға келмейді. Сондықтан осындай теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде  әкімшілік әділет құрылымын енгізу қажет», - деген болатын. Әкімшілік әділет «Халыққа құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес келеді.

         Жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) 2021 жылдың бірінші шілдесінен бастап күшіне енді.

Сондықтан, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарының күштері жойылды.

         Жаңа Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді.

         Бұл Кодекске сай жария-құқықтық даулар арнайы соттармен жаңа сипаттағы әкімшілік сот өндірісінің мәні мен қағидаларына сай қаралады. Яғни, арнайы осы әкімшілік басқарушылық дауларды қарайтын, өзіңдік процессуалдық ерекшеліктер мен міндетке ие өндіріс болып табылады. Ол әкімшілік сот өндірісінде: азаматтар мен заңды тұлғадардың құқықтары, бостандықтары, заңды мүдделерінің толық жүзеге асуын, бұқаралық құқықтық қатынаста жеке және қоғамдық мүдделердің сәйкестенуін, мемлекеттік басқаруда тиімділік пен ашықтықтың болуын, бұқаралық құқықтық салада заңдылықтың нығаюын, бұқаралық құқықтық қатынаста әкімшілік даулардың әділ, объективті, уақытылы шешілун қамтамасыз етпек.

         Бұқаралық құқықтық қатынастардың қатысушылары болып бір жағынан мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар мен лауазымды адамдар болса, екінші жағынан жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар болып табылады, яғни олар құқықтық тең емес тұлғалар екенін көруге болады.

         Әкімшілік дауда даудың нысанасы болып әкімшілік акт - жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім немесе әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) - әкімшілік органның, лауазымды адамның жария-құқықтық қатынастардағы, әкімшілік акт болып табылмайтын әрекеті (әрекетсіздігі) болып табылады.

         Қорыта айтқанда, жаңадан қабылданған әкімшілік әділет мемлекеттік органдар алдында азаматтар мен бизнестің, ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың аясын кеңейтіп және жаңа қарқында жұмыс жасауына жол ашады.    

 

Ойыл ауданының прокуратурасы

Дата публикации
30 сентября 2021
Дата обновления
30 сентября 2021
Тип
Information

Сейчас читают

Information
27 ноября 2023
Could you please tell me when the 'National Fund for Children' program will start, and which financial institution will accumulate the contributions? How will the registration of potential program participants be conducted?
20 октября 2023
Нашақорлыққа жол жоқ!
08 сентября 2023
Құқық бұзушылықтың алдын алуда пробация қызметінің рөлі!

Социальные медиа

Акимат Уилского района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты