Меню

Страницы

Статья

Алаяқтар, абайлаңыздар !

                                            Алаяқтар, абайлаңыздар !

         Қазіргі таңда қоршаған ортамызда «Алаяқтық» жасайтындар көбеюде. Алаяқтық - яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену болып табылады.

         Соңғы уақытта алаяқтық деректері компьютерлік технологиялар мен әлеуметтік желілерді қолдана отырып, жүзеге асырылуда. Сондықтан, интернет құрылғысы арқылы алаяқтық жасау кеңінен белең алуда.

         Солардың бірі ғаламтор арқылы жасалатын онлайн алаяқтық. Олар өз әдістерін жүзеге асыру мақсатында пайдаланушыларды алдау үшін жалған сайттарды қолданады. Сатылымға шығарылған тауарларды арзан бағаға беру үшін қаражаттың бір бөлігін алдын-ала аударуын өтініп, тиісті қаражат аударылған соң байланысқан ұялы телефондарын өшіріп, хабарсыз кетеді. 

         Сондай-ақ, қоңырау шалу немесе СМС-хабарландыру арқылы ұялы операторлардың абоненттеріне белгісіз тұлға қоңырау шалып және белгілі компанияның қызметкері ретінде өзін таныстырып, абоненттен ақшалай аударымдар жүйесі бойынша ақшалай қаражатты аудару арқылы алаяқтың шотына толықтыруға бағытталған бірқатар әрекеттерді орындауды сұрайды. Алаяқтық әдістері мұнымен ғана шектелмейді.

         Сондықтан, белгісіз тұлғаларға ақшалай аударымдарды жүзеге асырмауға немесе тауарлар мен қызметтерге, оларды алғанға дейін төлем жүргізбеуге, аударымның бақылау нөмірін немесе аударым туралы қандай да болмасын ақпаратты Сіз жеке басын куаландырған, алушыны қоспағанда ешкімге хабарламай, нарықтық бағадан маңызды төмен бағалар немесе сатушыға тым пайдасыз шарттар бойынша автомобиль, электрондық және өзге де техниканы сату немесе қызметтерді көрсету туралы хабарландырулар күмән тудырса мұқият тексергеніңіз жөн.

        

 

Ойыл ауданының прокуратурасы

                

 

  

 

Дата публикации
16 февраля 2021
Дата обновления
16 февраля 2021
Тип
Useful information

Сейчас читают

Information
27 ноября 2023
Could you please tell me when the 'National Fund for Children' program will start, and which financial institution will accumulate the contributions? How will the registration of potential program participants be conducted?
20 октября 2023
Нашақорлыққа жол жоқ!
08 сентября 2023
Құқық бұзушылықтың алдын алуда пробация қызметінің рөлі!

Социальные медиа

Акимат Уилского района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты