Меню

Страницы

Статья

Нашақорлыққа жол жоқ!

Қазақстанда да, бүкіл әлемде де үлкен алаңдаушылық тудыратын өзекті мәселелердің бірі – нашақорлықтың таралуы.  Бұл құбылыс жеке адамның ғана емес, жалпы ұлттың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.  Бүгінгі күні нашақорлық мәселесі әрқайсымызға әсер етуі мүмкін.  Шиеленістің күшеюі, стресстік жағдайлар, белгісіздік, тұрақсыздық өскелең ұрпақта мінез-құлықтың асоциалды нысандарын - нашақорлықты тудырады.

         Есірткі – бұл психикалық жағдайдың өзгеруіне әкелетін, жүйелі түрде қолдану тәуелділікке әкелетін өсімдік немесе синтетикалық текті химиялық заттар.

         Есірткі заттарын қабылдау жеке тұлғаның деградациясына және ағзаның бұзылуына өте белсенді ықпал етеді, және бұл, адамдар арасында өмір сүретін нашақордың жеке өзіне ғана емес жиі басқалар үшін үлкен қауіп көзіне айналатын іс. Көптеген жағдайларда нашақорлықпен ауыратын адам, өкінішке орай, қоғамға қауіпті қатыгездікке ұшырайды.

         Нашақорлық көптеген әртүрлі қылмыстардың, соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың тікелей себебі болып табылады.

         Жалпы нашақорлық ұлттың физикалық және моральдық денсаулығына қауіп төндіреді.  Бұған ұрпақтардың генетикалық азғындауы және нашақорлықтың СПИД, гепатит, басқа да ауыр аурулар, гомосексуализм және жезөкшелік проблемаларымен тығыз байланысы кіреді.  Мұнда әртүрлі әлеуметтік мәселелердің жиынтығы бар.

         Әрбір нашақор артынан бірнеше  адамды есірткіге тартуға бейім. Бұл нашақорлықтың «әлеуметтік жұқпалы ауруы».  

         Есірткіні көп қолдану едәуір қаражатты қажет етеді. Дегенмен қаражаттың болмауынан нашақорлар көп жағдайда өз отбасынан, жақындарынан, достарынан қомақты сома алып жатады, кейіннен тіпті қаражаттың жоқтығынан қылмысқа да баруы жиі кездеседі. Яғни, бір қылмыс екінші қылмысты тудырады.

         Қылмыстық кодексте есірткі заттарын қолданып, сақтап, сатып, таратушыларға жаза ауыр. Бірақ солай екен деп есірткіден бас тартып жатқандар көп дей алмаймыз.

            Осыған орай, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде есірткі заттарын тұтынудың ғана емес, есірткі заттарын тасымалдап, сатып, сақтаудың да соңы жауаптылыққа соқтыратынын үнемі түсіндіріп, ескертіп отыру маңызды.

         Денсаулық - зор байлық дегендей өмірің жарқын, болашағын зор болсын десең, еліннің жұлдызы болам десең денсаулығыңды сақтаған жөн.

 

 

Ойыл ауданының прокуратурасы

Дата публикации
20 октября 2023
Дата обновления
20 октября 2023
Тип

Сейчас читают

Information
27 ноября 2023
Could you please tell me when the 'National Fund for Children' program will start, and which financial institution will accumulate the contributions? How will the registration of potential program participants be conducted?
20 октября 2023
Нашақорлыққа жол жоқ!
08 сентября 2023
Құқық бұзушылықтың алдын алуда пробация қызметінің рөлі!

Социальные медиа

Акимат Уилского района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты