Ойыл ауданының прокуратурасы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудандық полиция бөлімімен бірлескен түнгі рейдтік шараларын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде және тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуына заңмен тиым салынған.
Аталған талаптар бұзылған жағдайда кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылады (ескерту, айыппұл).
Бұдан басқа кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол бергені үшін де Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабында әкімшілік жауаптылық қарастырылған (айыппұл, осындай әрекет бір жыл ішінде қайталанса жекелеген қызмет түрі тоқтатылады).
Бұл ретте ағымдағы жылдың 15 маусымында жүргізілген рейдтік шаралармен түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болған 6 жасөспірім анықталып, нәтижесінде аудандық полиция бөлімі кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапқа тартты.
Аталған бағытта рейдтік шаралар жалғасын табуда.
Ойыл ауданының прокуратурасы