АДАМ САУДАСЫ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС
Адам саудасының мақсаты
- жезөкшелікпен айналысуға тарту, жыныстық қанау;
- мәжбүрлі еңбекке пайдалану;
- қайыршылыққа мәжбүрлеу;
- заңсыз бала асырап алу;
- транспланттау үшін адамның ағзалары мен тіндерін алу.
Адам судасының белгілері
- еңбек шартының болмауы, реттелмеген жұмыс кестесі;
- құжаттарды алып қою, табысын алып қою;
- қозғалыс еркіндігін шектеу, біреумен қарым-қатынасты бақылау;
- психологиялық қысым.
Қылмыскерлер қолданатын әсер ету әдістері мен тәсілдері
- алдау арқылы азғырып-көндіру;
- қарыздық құлдық;
- бопсалау;
- физикалық зорлық-зомбылық немесе оны қолдану қаупі;
- ұрлау, бас бостандығынан заңсыз айыру.
Мұндай қылмыстың құрбаны болмау үшін
- өз құжаттарыңызды ешкімге сеніп тапсырмаңыз;
- шетелде жұмыс істеу, оқу немесе үйлену туралы тартымды ұсыныстардан аулақ болыңыз, сенімді көздер арқылы қабылдаушы тарап туралы ақпаратты тексеріңіз;
- сапарға байланысты барлық қол қойылатын құжаттарды мұқият оқып шығыңыз;
- өз құжаттарыңыздың көшірмелерін және шетелде орналасқан жеріңіз туралы ақпаратты жақындарыңызға қалдырыңыз;
- сіз баратын елдегі ҚР дипломатиялық өкілдігінің байланыс деректерін нақтылаңыз.
* Егер осындай жағдайға тап болсаңыз немесе осындай ақпараттар болған жағдайда 102 немесе 2-18-98 нөмеріне хабарласыңыз.
Ойыл ауданының прокуратурасы