
Кәсіпкерлік саласы.
Аудан бойынша 46 заңды тұлға, 337 шаруа қожалығы, 558 жеке кәсіпкерлер болып, субъектілер саны 941 бірлікке жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 92 бірлікке немесе 110,8 пайызға артты.
КС белсенділігі-95,6%, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 70 бірлікке артып, 108,4 % өсті.
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы 4 жоба жүзеге асырылуда:
1) 1 жеке кәсіпкердің өндірісті кеңейту бойынша «Халықтық банктен» 10,0 млн. теңге несие алуына қолдау көрсетілді.
2) Аталған кәсіпкерге Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия алынды
3)«Даулет» шаруа қожалығы туризді дамыту жобасы бойынша 2,5 млн.теңге қайтарымсыз қаржы алуына көмек берілді.
4)«Тәжібай Агро»ЖШС суармалы жеріне жетіспейтін инфрақұрылымдарды жеткізу жобасы (жоба құны 150,0 млн.т) бойынша облыстық бюджеттен 50,0 млн.теңге қаржы бөлу мақұлданды.
Жаңа бизнес идеялар жүзеге асыру үшін 39 адамға 200 АЕК көлемінде 21,0 млн теңгеге мемлекеттік гранттар беру жоспарланып, 64 адамға 35,4 млн теңгеге мемлекеттік гранттар берілді.