Кәсіпкер құқығы басты назарда.
Тәуелсіздік алғаннан бері кәсіпкерлікті тұрақты дамыту үлгісін қалыптастыруға Мемлекет Басшысы ерекше көңіл бөлуде.
Еліміз үшін сындарлы кезеңдерде мемлекетімізде қабылданған батыл шаралар орнықты отандық кәсіпкерлер буынын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Еліміздің кәсіпкерлік секторы басым жағдайда шағын субъектілерден тұрады.
Азаматтық заңнамамен реттелетін қатынас саласында кәсіпкерлер заңмен тыйым салынғаннан басқа кез-келген іс-әрекет жасауға құқылы. Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау – бұл құқыққа қол сұқпауды қамтамасыз етуге, бұзған жағдайда және бұзу салдарын жойған кезде оны жүзеге асыруға, жандандыруға бағытталған заңмен қарастырылған іс-шаралар жүйесі.
Осы орайда, аудан прокуратурасы тұрақты түрде кәсіпкерлер құқықтарын қорғау мақсатында мониторинг жүргізуде. Кәсіпкерлердің бұзылған құқықтарын дереу қалпына келтіру мақсатында аудан прокуратурасының және басқа да уәкілетті органдардың қызметкерлерімен құрылған арнайы мобильді топ өз қызметін жүзеге асыруда. Сондықтан, кез-келген кәсіпкер өзінің құқығы бұзылған жағдайда 8 (71332) 21-678 және 8 707 619 76 27 байланыс нөмірлеріне хабарласуына болады.
Жалпы, жыл басынан бері жүргізілген мониторингпен 9 кәсіпкердің құқықтарының бұзылғаны анықталып, аудан прокуратурасының араласуының нәтижесінде оларға жалпы 2 855 687 теңге кепіл жарналары қайтарылып берілді.
Сондықтан, кез-келген кәсіпкер өзінің құқығы бұзылған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік қадағалаушы органдардың заңсыз араласуы орын алған жағдайда жоғарыда аталған байланыс нөмірлеріне хабарласуға болатынын жеткіземіз.
Ойыл ауданының прокуратурасы