GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Все материалы
11 октября 2026
Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам креаторының басын қосқан көрме-жәрмеңке ашылды

Елордада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында «Aqtobe Creative Days мәдени-креативті көрме-жәрмеңкесі жұмысын бастады. Екі күнге жоспарланған шарада Ақтөбе облысының 100-ден астам креаторы 30-ға жуық бағыт бойынша авторлық өнімдерін, шығармашылық жобалары мен жергілікті брендтерін таныстырады.

Іс-шара Креативті индустрияларды дамыту қорының алаңында, Qazaq Creative Hub кеңістігінде өтіп жатыр. Қатысушылар қатарында қолөнер шеберлері, дизайнерлер мен суретшілер, мәдениет мекемелерінің шығармашылық ұжымдары, IT мамандары және Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты курсанттары бар.

Көрмеде зергерлік бұйымдар, тері, ағаш, сүйек пен жүннен жасалған туындылар, киіз бұйымдары, сырмақ, басқұр, ұлттық аксессуарлар мен кәдесыйлар ұсынылған. Келушілер шеберлердің жұмыс барысын көріп, практикалық шеберлік сабақтарына қатыса алады.

Бағдарламада зергер Болат Атыраубаев, киіз басу шебері Рабиға Испулатова, қолөнер шебері Ерқосай Әбілов және суретші Қайрат Ноғаевтың сабақтары қарастырылған. Экспозиция дәстүрлі қолөнер үлгілерімен қатар, заманауи сұранысқа бейімделген авторлық өнімдерді де қамтиды.

Көрме-жәрмеңкенің сән кеңістігінде ақтөбелік жеті дизайнердің топтамалары таныстырылған. Сән көрсетіліміне «SAULEMAI COUTURE», «Trumova Collection», «SYRMAK», «ULPAN SAN UI», «MARKA» сән үйлері мен Azamat SAIN бренді қатысады.

Мәселен, «SYRMAK» дәстүрлі сырылып тігілетін сырт киім үлгілерін заманауи oversize пішінімен үйлестірсе, «Trumova Collection» ұлттық нақышты әйелдер киіміне енгізеді. «ULPAN» мен «SAULEMAI» де дәстүрлі құндылықтарды заманауи сән тілімен жеткізуге басымдық береді.

2015 жылы құрылған Azamat SAIN бренді балалар киімінің топтамасын паш етеді. Бренд сапалы материалдарға, киім бөлшектерінің мұқият орындалуына және заманауи дизайнға мән береді. Оның өнімдері бұған дейін шетелдік сән алаңдарында да таныстырылған.

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған экспозиция да көрме-жәрмеңкеден орын тапты. Әлемге танымал әншінің халықаралық сахнадағы жетістіктері, шығармашылық ерекшелігі және туған өңірімен байланысын көрсететін заттары шараның сәнін келтіріп тұр.

Технологиялық бағытта Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты курсанттарының IT-жобалары таныстырылуда. Бұл бөлім жас мамандардың техникалық шығармашылығын және цифрлық шешімдерді қолдану мүмкіндіктерін көрсетуге арналған.

Сонымен қатар әдебиет пен заманауи визуалды өнердің байланысы да қамтылған. Көрмеде Ақтөбе өңірінен шыққан ақын-жазушылардың кітаптары жинақталған Book Market жұмыс істейді. Кітапхана саласындағы жаңа жобалар мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған бастамалар да бұл креаторлар шарасында паш етілген.

Көрме-жәрмеңке келушілері «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, жас жазушы Әлихан Жақсылықтың Ақтөбе өңіріне арналған анимациялық фильмі, Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрының ерекше балаларға арналған «Жыл мезгілдері» инклюзивті қойылымын тамашалай алады.

Музыкалық бағдарламада «SherTer» креативті жобасының орындаулары, «Жеребе life» өнерлі жастар жобасының концерті және жас композитор әрі креатор Серік Закарияның шығармашылық кеші бар.

Ақтөбе облысында бүгінде 3 мыңнан астам мәдениет қызметкері еңбек етеді. «Aqtobe Creative Days» олардың шығармашылық әлеуетін, өңірлік брендтерді және авторлық өнімдерді республикалық аудиторияға таныстыруға мүмкіндік береді. Қолөнер, сән, әдебиет, театр, музыка және IT бағыттарын біріктірген жоба дәстүрлі мәдени мұра мен заманауи креативті индустриялардың өзара байланысын көрсетеді.

 
04 октября 2026
«Дала дәмі»: Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

3 - 4 қазан күндері Астана қаласында Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Елорда тұрғындары мен қонақтарына өңірде өндірілген 200 тоннадан астам өнім ұсынылуда.

Жәрмеңке Қарқаралы-1 тас жолы бойындағы «Ипподром» алаңында ұйымдастырылған. Оған Ақтөбе облысының 12 ауданы мен Ақтөбе қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші және қайта өңдеу кәсіпорны қатысуда.

Сауда сөрелеріне 75 тонна ет, 44,4 тонна картоп пен көкөніс, 11,7 тонна сүт өнімі, 24 мың дана жұмыртқа, 3,5 тонна балық, сондай-ақ шұжық, ұн және ұн өнімдері, кондитерлік өнімдер, сусындар мен басқа да тауарлар қойылған.

Жәрмеңкедегі өнімдер Астана қаласының нарықтық бағасынан 15–20%-ға төмен бағамен сатылуда. Бұл елорда тұрғындарына сапалы отандық өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

«Бүгін жоспарға сәйкес Ақтөбе облысынан Астана қаласына жәрмеңкеге келдік. Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордаға 200 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін жеткіздік. Оның ішінде ет, сүт өнімдері мен көкөністер бар. Облысымызда асыл тұқымды мал шаруашылығына басымдық берілгендіктен, сиыр етінің сапасы жоғары. Елорда тұрғындары мен осында тұратын жерлестеріміз Ақтөбе етін асыға күткен екен. Жәрмеңкеге келушілердің көңіл-күйі көтеріңкі, өнімдерімізге ризашылығын білдіріп жатыр»,– деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Алтынбек Алжанов.

Жәрмеңкеге жеткізілген ет өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінген. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен «Айбек» ет комбинатында мал сою жұмыстары жүргізіліп, 150 бас ірі қара, 50 бас жылқы және 200 бас қой сойылған. Дайын ет өнімдері Астана қаласына жеткізілді.

 «Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбедегі «Айбек» ет комбинатында мал сою жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 150 бас ірі қара, 50 бас жылқы және 200 бас қой сойылып, сапалы ет өнімдері Астана қаласына жеткізілді. Бүгінде елордамызда жәрмеңке өтіп жатыр. Жерлестеріміз, ақтөбеліктер келіп, өнімдерімізді қуана сатып алуда. Жәрмеңкенің ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалаймыз»,
– деді «Реймқұл» шаруа қожалығының басшысы Самат Қалдығұлов.

Жәрмеңкеде өңірдің қайта өңдеу кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының өнімдері де кеңінен ұсынылған. Атап айтқанда, «Айс+» және «Агрофирма Тау» кәсіпорындарының сүт өнімдері, «Шыңғыс» және «Абылай» шаруа қожалықтары мен «Шекшек Ата» ауыл шаруашылығы кооперативінің қымыз, шұбат және ешкі сүті сатылуда.

Сонымен қатар «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» және «Рамазан» кәсіпорындарының ұн және макарон өнімдері, «АТК «Айбек», «Степное», «Рокос» кәсіпорындарының ет консервілері мен шұжық өнімдері, жылыжай шаруашылықтарының көкөністері және басқа да тауарлар ұсынылған. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өндірілген өнімдер де жәрмеңке сөрелерінен орын алған.

29 сентября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі «Мұғалжар ауданы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

«Мұғалжар ауданы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі

 

№

п/п

Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округтен арақашықтығы км, жер учаскесінің   лот № )

Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі оның ішінде

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

Жалпы ауданы, га Жалға беру мерзімі, жыл

Алқаптардың құрамы,

оның ішінде

Топырақтың сапалық сипаттамасы, орташа балл бонитет

 

Сумен қамтамасыз етілуі

 

Өзгеде

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Егістік

Жайылым-дық

Шабын-дық

Басқа алқаптар

1

Мұғалжар ауданы, Жұрын а/о, Жұрын ауылынан          16  шақырым

Лот №1

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Егін шаруашылығы

849,50 га

20 жыл

 

 

 

 

848,12

 

 

 

 

 

 

1,38

Ашық қызыл-қоңыр,

11

Сумен қамтылмаған

 

2

Мұғалжар ауданы, Құмсай а/о, Құмсай ауылынан          57  шақырым

Лот №2

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы

3000 га

20 жыл

 

 

 

 

 

 

 

2990,16

 

 

 

9,84

Ашық қызыл-қоңыр,

11

Сумен қамтылмаған

 

3

Мұғалжар ауданы, Егіндібұлақ а/о, Бұлақты ауылынан           37  шақырым

Лот №3

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы

1797,60 га

20 жыл

 

 

 

 

 

1794,90

 

 

 

 

2,70

 

Ашық қызыл-қоңыр,

11

Сумен қамтылмаған

 

4

Мұғалжар ауданы, Егіндібұлақ а/о, Бұлақты ауылынан           20  шақырым

Лот №4

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы

9620 га

20 жыл

 

 

 

 

 

9613,21

 

 

 

 

6,79

 

Ашық қызыл-қоңыр,

11

Сумен қамтылмаған

 

5

Мұғалжар ауданы, Егіндібұлақ а/о, Бұлақты ауылынан           27  шақырым

Лот №5

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы

 

5315 га

20 жыл

 

 

 

 

 

5311,17

 

 

 

3,83

Ашық қызыл-қоңыр,

11

Сумен қамтылмаған

 

6

Мұғалжар ауданы, Егіндібұлақ а/о, Бұлақты ауылынан           47  шақырым

Лот №6

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы

4400 га

20 жыл

 

 

 

 

 

4389,95

 

 

 

10,05

Ашық қызыл-қоңыр,

11

Сумен қамтылмаған

 

 

 

 

   ЕСКЕРТПЕ:

   Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

  • конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2)  конкурстық ұсыныс;

        Конкурстық ұсыныста:

      1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

      2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15090 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылады.

            Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

            Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң  15 жұмыс күн аралығында, яғни 2026 жылдың 29 қазаны  мен  18 қарашасы  аралығында  өтінімдерді қабылдау және тіркеу Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 16, 1 қабат, 107  кабинет  «Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» ММ-де жүргізіледі. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс 2026  жылдың 19  қарашасы  күні жергілікті уақыт сағат           10-00-де Мұғалжар ауданы әкімдігінің ғимаратында өткізіледі. Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің  орналастыру схемасымен жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында, қала мен ауылдық округтердің және аудандық жер қатынастары бөлімінің ақпарат бұрыштарынан танысуға болады.

Толық ақпаратты  «Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» ММ-нен мына байланыс телефоны арқылы 8(713)33 3-21-18 алуға болады және құжат тапсыратын мекенжай: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 16, 1 қабат, 107  кабинет.

 

 

11 сентября 2026
Ақтөбенің ұны алты елдің нарығына экспортталады

Ақтөбенің ұны алты елдің нарығына экспортталады

Ақтөбеде өндірілетін ұн өнімдеріне шетелдік нарықтағы сұраныс артып келеді. Ақтөбеде орналасқан Granum кәсіпорны бүгінде өнімдерін Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Моңғолия және Қытайға экспорттап отыр.

Кәсіпорынның өндірістік тарихы 1991 жылдан басталады. Сол кезеңнен бері бидай өңдеу және ұн өнімдерін өндіру бағытында жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын бүгінде тұрақты өндірістік әрі экспорттық әлеует қалыптастырған.

«Granum» өнімдері ішкі нарықта да кеңінен ұсынылады. Кәсіпорын шығаратын өнімдер еліміздегі ірі сауда желілері, оның ішінде METRO және Magnum арқылы тұтынушыларға жеткізіледі.

Өндіріс заманауи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Кәсіпорында итальяндық және швейцариялық өндірістің диірмен кешендері орнатылған. Жабдықтар тәулігіне 550 тоннаға дейін астық өңдеуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 100 мың тонна ұн және 20 мың тонна макарон өнімдерін өндіруге есептелген. Қазіргі таңда өндіріс орындарында 330 адам еңбек етеді.

Кәсіпорынның экспорттық географиясының кеңеюі Ақтөбеде өндірілетін агроөнеркәсіптік өнімдердің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Бүгінде Granum өнімдері алты елге жеткізіліп, өңірдің экспорттық әлеуетін арттыруға үлес қосып отыр.

30 жылдан астам уақыт ішінде кәсіпорын бидайды терең өңдеу, дайын өнім өндіру және оны сыртқы нарықтарға шығару бағытында тұрақты өндірістік тізбек қалыптастырды. Алдағы кезеңде кәсіпорынның экспорттық бағыттарды сақтап, өнім көлемін арттыруға мүмкіндігі бар.

11 сентября 2026
Ақтөбеде Қазақстанның және шетелдің жетекші хирургтары заманауи емдеу тәсілдері мен хирургияны дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбеде Қазақстанның және шетелдің жетекші хирургтары заманауи емдеу тәсілдері мен хирургияны дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбеде «Заманауи хирургияның өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына Қазақстанның жетекші хирургтары, ғалымдары мен медицина қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Беларусь, Түркия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген мамандар қатысты.

Конференцияның ашылу рәсімінде алғысөз алған Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров хирургияны дамыту заманауи технологиялар мен медициналық құрал-жабдықтармен қатар, білікті мамандар даярлауды да талап ететінін алға тартты.

«Бүгінгі басқосу – тәжірибе алмасатын кезекті жиын ғана емес, хирургия саласының бүгінгі ахуалын саралап, оның болашағына қатысты нақты бағыттарды айқындайтын маңызды кәсіби алаң деп білемін.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау жүйесін дамытуға аса көңіл бөлінуде. Соңғы үш жылда Ақтөбе облысында осы салаға 20,3 млрд теңге бағытталып, 40 медициналық нысан салынды, тағы 40 ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілді.
Өңір үшін хирургиялық қызметті дамыту, заманауи технологияларды енгізу, мамандардың біліктілігін арттыру және медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету ерекше маңызға ие. Облыс стационарларында жыл сайын шамамен 50 мың пациентке хирургиялық көмек көрсетіліп, 12 мыңнан астам операция жасалады.
Медициналық кадрларды даярлау мен ғылымды дамытуда Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің маңызы зор. Ал халықаралық ынтымақтастық дәрігерлерімізге шетелдік озық тәжірибені меңгеруге мүмкіндік береді. Бүгін Ақтөбеге жиналған Қазақстанның жетекші хирургтары мен шетелдік мамандардың кәсіби тәжірибесі өңірдегі хирургиялық қызметті одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенімдімін», – деді Асхат Шахаров құттықтау сөзінде.

Конференция аясында медицина мен хирургия саласының дамуына елеулі үлес қосқан мамандарды марапаттау рәсімі өтті. «Ақтөбе облысының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен «Башкент» университетінің профессоры Мехмет Хаберал (Түркия), академиктер мен профессорлар Жақсылық Досқалиев пен Болатбек Баймаханов, профессор Сәлім Беркімбаев, сондай-ақ медицина ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Сабыр марапатталды.

Ақтөбе облысы әкімінің Құрмет грамотасымен Қазақстан мен шетелден келген тағы он маман марапатталды. Олардың қатарында Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь елдерінен, сондай-ақ Астана, Алматы, Семей, Қызылорда және Тараз қалаларынан келген белгілі хирургтар мен ғалымдар бар. Марапаттар хирургиялық қызметті, медициналық ғылымды, халықаралық ынтымақтастықты және ғылыми-практикалық байланысты дамытуға қосқан үлесі үшін табысталды.

Конференцияның негізгі бағдарламасы пленарлық отырыстармен жалғасты. Бір алаңда хирургия, трансплантология, онкология, қан тамырлары және кардиохирургия салаларының мамандары бас қосты. Олар кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи жетістіктер мен ғылыми әзірлемелерді таныстырды. Сондай-ақ хирургиялық қызметті одан әрі дамыту және медициналық тәжірибеге жаңа тәсілдерді енгізу мәселелерін талқылады.

Іс-шараға Сеул ұлттық университетінің профессоры Кванг Вунг Ли де онлайн форматта қатысты. Ол бұған дейін қазақстандық мамандармен трансплантология саласында бірлесіп жұмыс істеген. Өз сөзінде профессор дәрігерлер арасындағы халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар хирургиялық көмекті жетілдіру, мамандардың кәсіби құзыреттерін дамыту және заманауи медициналық технологияларды енгізуге қатысты алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады. Мұндай кездесулер кәсіби байланыстарды нығайтып, өңірдегі хирургиялық қызметті одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

05 сентября 2026
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Облыс әкімінің жеке қабылдауына өңірдің 13 тұрғыны келді. Олардың басым бөлігі елді мекендерді абаттандыру және дамытуға қатысты мәселелерді көтерді.

Атап айтқанда, Хромтау ауданының Абай ауылының тұрғыны елді мекенді дамыту және абаттандыруға қатысты, Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округіне қарасты ауыл тұрғыны елді мекенді газдандыру туралы мәселені жеткізді. Қобда ауданы Әлия ауылының тұрғыны жолдың жағдайын жақсартуды сұрады. Ақтөбе қаласының тұрғындарының бірі көшелерді абаттандыру туралы сұрақты қаузаса, тағы бір ақтөбелік құрылысы ұзаққа созылған «Авиатор Премиум» тұрғын үй кешенін пайдалануға беру мәселесін шешіп беру жайлы өтінішін айтты.

Қабылдау барысында инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларға қатысты мәселелер де қаралды. Өтініш иелері полистиролбетон блоктарын өндіру жобасын іске асыруға қаржылай қолдау көрсету және шаруа қожалығының өндірістік базасын электрмен жабдықтау мәселесін шешуге ықпал етуді сұрай келіпті.

Азаматтардың жеке мәселелері де назардан тыс қалмады. Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылының тұрғыны жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен қызының денсаулығы туралы айтып, оны оңалтуға көмек көрсетуді сұрады.

Хромтау ауданы Ақжар ауылының тұрғыны өндірістік жарақатының салдарынан II топ мүгедегі болып қалған. Бұл азаматтың туындаған мәселелерді шешіп берсе деген тілегі бар.

Жеке қабылдау қорытындысы бойынша Асхат Шахаров жауапты мемлекеттік органдарға азаматтардың барлық өтінішін жан-жақты қарауды тапсырды. Көтерілген мәселелер қолданыстағы заңнамамен зерделеніп, тиісті шешімдер қабылданады.

02 сентября 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.

Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.

Елдің барлық көппәтерлі үйлері мекенжайы, қабаты, пәтерлер мен тұрғын емес үй — жайлар саны, үйдің жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары бар бір тізілімге жинақталатын болады. Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңды орындау және «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы, сондай-ақ күрделі жөндеу мен техникалық тексерудің мемлекеттік бағдарламаларын жоспарлау шеңберінде жүргізіледі.

Түгендеу «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 2-бабы бойынша көппәтерлі тұрғын үйдің анықтамасына сәйкес келетін барлық ғимараттарды қамтиды: кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және екі немесе одан да көп пәтерден немесе тұрғын емес үй-жайлардан тұратын жеке тұрған ғимарат. Есепке қабатына, меншік иелерінің санына, тіркелген кондоминиум объектісінің болуына және басқарудың таңдалған нысанына қарамастан, ауылдық елді мекендердегі екі және төрт пәтерлі үйлерді және басқару нысаны әлі анықталмаған үйлерді қоса алғанда, үйлер жатады.

Әрбір үйде тізілімде бірыңғай кілт бар — мекенжайдың тіркеу коды (МТК). Осы код бойынша үйге басқа көздерден алынған мәліметтер: ғимараттың техникалық сипаттамалары, сандық және сапалық көрсеткіштер, Үй-жайлар туралы деректер, басқару нысаны мен лифттердің жай-күйі туралы мәліметтер, желілер мен есептеу құралдарына қосылу туралы деректер «бекітіледі».

Мәліметтерді беру тәртібі Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпаратты қалыптастыру, өңдеу, орталықтандырылған жинау және сақтау қағидаларында белгіленген. Олар деректерді беруге міндетті ұйымдардың шеңберін анықтады: жергілікті атқарушы органдар, табиғи монополиялар субъектілері, мүлік иелерінің бірлестіктері, мүлік иелерінің кооперативтері, басқа басқару субъектілері.

Меншік иелерінің дербес деректері-тегі, жеке сәйкестендіру нөмірлері, құқық белгілейтін құжаттар және берешек туралы мәліметтер-түгендеу кезінде жиналмайды.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------

Тізілім не береді: лифттерді күрделі жөндеуге және ауыстыруға арналған үйлердің нақты тізімдері, үйлердің есепке алу құралдарымен жабдықталуының нақты деңгейін түсіну, орташаланған бағалаулар емес, нақты деректер негізінде желілерді жаңғыртуға өңірлердің қажеттілігін есептеу. Коммуналдық төлемдер түбіртектерінде есептеудің дұрыстығы ПИК пен МИБ, басқарушы компаниялар арасында атқарушылық құжаттаманы жүргізу және жұмыс тәртібін арттырады

-------------------------------------------------------------------------------------------------------.

Мәліметтерді жинауды облыстардың әкімдіктері аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй инспекциялары арқылы ұйымдастырады. Хабарламалар мен жұмыс нысандары мүлік иелерінің бірлестіктеріне, тікелей бірлескен басқарудағы үйлердің өкілдеріне, басқару субъектілеріне және коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге жіберіледі.

 

Қызмет бағыты

Сондай-ақ оқыңыз

  • 25 тамыз 2026

     
    Ақтөбе облысында алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр
  • 20 тамыз 2026

     
    Тұмабұлақ ауылына көгілдір отын келді
  • 18 тамыз 2026

     
    Ақтөбеде жаңа кәріздік тазарту кешенінің құрылысы басталды
  • 18 тамыз 2026

     
    Әйтеке би ауданында халық сапалы ауызсумен толық қамтамасыз етілді
  • 18 тамыз 2026

     
    Ақтөбеде қаланың ескі бөлігінің 65 пайызын жылумен қамтитын жылу желісі жаңғыртылуда
27 мая 2026
АУДАН ӘКІМІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Батпақкөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесулерде Батпақкөл ауылдық округ әкімі Мейрамбек Бокашев округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Аудан басшысы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ауыл тұрғындарының талап-тілектерін тыңдады. Тұрғындардың толғандырған сауалдарына жауап берді.

27 мая 2026
ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Ақтөбе облысының тілдерді дамытуы басқармасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және аудан әкімдігі бірлесіп ұйымдастыруымен кәсіпкерлік нысан иелеріне арналған семинар өтті.

Семинарға аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бақтыгүл Әбиева, Тұтынушылар палатасының Ақтөбе облысы бойынша филиалының басшысы Алтынай Муханова, Тұтынушылар палатасының президенті Ислам Болатов және палата бас маманы Самай Бағанаев қатысты.

Семинардың мақсаты — кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасынының тіл туралы заңнамасы талаптарын кеңінен түсіндіру, құқықтық және әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ заң талаптарының сақталуына байланысты туындайтын мәселелердің алдын алу болды.

Жиын барысында мамандар кәсіпкерлік нысандарындағы көрнекі ақпараттар мен жарнамаларды рәсімдеу кезінде мемлекеттік тілдің қолданылу тәртібі, мәтіндердің сауатты әрі заң талаптарына сай жазылуы, тұтынушыларға ұсынылатын ақпараттың мазмұны жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі жүйесінің жұмыс тәртібі, оның кәсіпкерлік қызметке әсері және заң талаптарын сақтамаған жағдайда туындайтын жауапкершілік мәселелері де кеңінен айтылды.

Семинар аясында Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Жарнама туралы» және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңдарының негізгі бағыттарына шолу жасалып, кәсіпкерлерге тәжірибеде жиі кездесетін қателіктер мен оларды болдырмау жолдары түсіндірілді. Мамандар көрнекі ақпараттарды әзірлеу кезінде мәтіндердің сауаттылығына, мемлекеттік тілдегі нұсқасының мазмұны мен сапасына ерекше мән беру қажеттігін атап өтті.

27 мая 2026
ҚР ҚОРҒАНЫС ВИЦЕ-МИНИСТРІ ЖЕМ ҚАЛАСЫНДА БОЛДЫ

ҚР Қорғаныс вице-министрі Қаныш Әбубәкіров пен генерал-майор, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Сухопутный әскерлерінің бас қолбасшысы Мереке Көшекбаев жұмыс сапарымен Жем қаласында болды.

Жұмыс сапары барысында делегация Мұғалжар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сондай-ақ Жем қаласында салынып жатқан әскери бөлімнің жұмыстарын қарады.

Жем қаласына қоныс аударған әскери бөлім қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудегі жан-жақты қолдау шараларымен танысты.

Соңғы жылдары Жем қаласында әлеуметтік нысандар, №5 орта мектеп жөнделді, жаңа спорт алаңы салынды. Жаңа амбулатория пайдалануға берілді.
Жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Жем қаласындағы №3 аула клубына күрделі жөндеу жүргізілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы