Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
09 сентября 2026
Мемлекеттік қызметшілерге әдеп нормаларын сақтау, жоғары мінез-құлық стандарттарын ұстану және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді.

Департамент басшысының орынбасары Р. Бисеновтің қатысуымен облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қызметшілерімен әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша кездесу өткізілді.

💬 Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп талаптарын сақтау және қызметтен тыс уақытта да мемлекеттік қызметшінің жоғары мінез-құлық стандарттарын ұстану қажеттігі түсіндірілді.

Соның ішінде:

🔹 азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарау;
🔹 іскерлік киім үлгісін сақтау;
🔹 мемлекеттік мүлікті жеке мақсатта пайдаланбау;
🔹 қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу;
🔹 масаң күйде көлік құралын басқармау;
🔹 әлеуметтік желілерді әдеп нормаларына сай жүргізу;
🔹 құмар ойындарға әуестенбеу қатаң ескертілді.

⚖️ Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу және заң талаптарын сақтау мәселелеріне назар аударылды.

Мемлекеттік қызметшінің әдептілігі, жауапкершілігі мен кәсіби мәдениеті – мемлекеттік қызметке деген қоғамдық сенімнің маңызды негізі.

Тұрғын үй қатынастары
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.

Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.

Елдің барлық көппәтерлі үйлері мекенжайы, қабаты, пәтерлер мен тұрғын емес үй — жайлар саны, үйдің жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары бар бір тізілімге жинақталатын болады. Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңды орындау және «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы, сондай-ақ күрделі жөндеу мен техникалық тексерудің мемлекеттік бағдарламаларын жоспарлау шеңберінде жүргізіледі.

Түгендеу «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 2-бабы бойынша көппәтерлі тұрғын үйдің анықтамасына сәйкес келетін барлық ғимараттарды қамтиды: кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және екі немесе одан да көп пәтерден немесе тұрғын емес үй-жайлардан тұратын жеке тұрған ғимарат. Есепке қабатына, меншік иелерінің санына, тіркелген кондоминиум объектісінің болуына және басқарудың таңдалған нысанына қарамастан, ауылдық елді мекендердегі екі және төрт пәтерлі үйлерді және басқару нысаны әлі анықталмаған үйлерді қоса алғанда, үйлер жатады.

Әрбір үйде тізілімде бірыңғай кілт бар — мекенжайдың тіркеу коды (МТК). Осы код бойынша үйге басқа көздерден алынған мәліметтер: ғимараттың техникалық сипаттамалары, сандық және сапалық көрсеткіштер, Үй-жайлар туралы деректер, басқару нысаны мен лифттердің жай-күйі туралы мәліметтер, желілер мен есептеу құралдарына қосылу туралы деректер «бекітіледі».

Мәліметтерді беру тәртібі Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпаратты қалыптастыру, өңдеу, орталықтандырылған жинау және сақтау қағидаларында белгіленген. Олар деректерді беруге міндетті ұйымдардың шеңберін анықтады: жергілікті атқарушы органдар, табиғи монополиялар субъектілері, мүлік иелерінің бірлестіктері, мүлік иелерінің кооперативтері, басқа басқару субъектілері.

Меншік иелерінің дербес деректері-тегі, жеке сәйкестендіру нөмірлері, құқық белгілейтін құжаттар және берешек туралы мәліметтер-түгендеу кезінде жиналмайды.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------

Тізілім не береді: лифттерді күрделі жөндеуге және ауыстыруға арналған үйлердің нақты тізімдері, үйлердің есепке алу құралдарымен жабдықталуының нақты деңгейін түсіну, орташаланған бағалаулар емес, нақты деректер негізінде желілерді жаңғыртуға өңірлердің қажеттілігін есептеу. Коммуналдық төлемдер түбіртектерінде есептеудің дұрыстығы ПИК пен МИБ, басқарушы компаниялар арасында атқарушылық құжаттаманы жүргізу және жұмыс тәртібін арттырады

-------------------------------------------------------------------------------------------------------.

Мәліметтерді жинауды облыстардың әкімдіктері аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй инспекциялары арқылы ұйымдастырады. Хабарламалар мен жұмыс нысандары мүлік иелерінің бірлестіктеріне, тікелей бірлескен басқарудағы үйлердің өкілдеріне, басқару субъектілеріне және коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге жіберіледі.

 

25 августа 2026
Ақтөбе облысында алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр

📌 Ақтөбе облысында алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр

 

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірдің алдағы жылу беру маусымына дайындығы қаралды.

 

Жиында энергетикалық инфрақұрылымның дайындығына назар аударылды. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаевтың айтуынша, негізгі кәсіпорындарда жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда.

 

Мәселен, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-да негізгі жабдықтар, атап айтқанда, №1 аккумуляторлық бак ауыстырылды, екі су жылыту қазандығына күрделі жөндеу, сондай-ақ екі түтін мұржасының құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, №4 су салқындатқыштың (градирня) жөндеуі толық аяқталды.

 

«Aqtobe su-energy group» АҚ биыл инвестициялық бағдарлама аясында жылу желілерінің 1,8 шақырымын қайта жаңғырту бойынша бес жобаны жүзеге асыруда. Сонымен қатар жөндеу жұмыстары жоспарына сәйкес жалпы ұзындығы 2,1 шақырымдық 22 жоба іске асырылып жатыр.

 

Ал «Энергосистема» ЖШС инвестициялық бағдарлама аясында 590,4 шақырым электр желісі қайта жаңғыртылып, 15 электр жабдығына жөндеу жүргізілуде. Жөндеу науқаны аясында қазірдің өзінде 304,7 шақырым желі мен 136 электр жабдығы күрделі жөндеуден өткен.

 

Арысұлан Айтбаевтың мәліметінше, облыстағы 1845 әлеуметтік нысанның тек 341-і ғана дайындық паспортын алған. Осыған байланысты облыс әкімі қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жеделдетіп, барлық әлеуметтік нысан мен тұрғын үй қорын жылу беру маусымы басталғанға дейін толық дайындауды тапсырды.

 

«Алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтау қажет. Негізгі міндет – жылу көздері мен жылу желілерінің техникалық дайындығын қамтамасыз ету, қажетті отын қорын қалыптастыру және әлеуметтік нысандарды қысқы кезеңге толық әзірлеу»,

– деді Асхат Шахаров.

 

Өңір басшысы өткен аптада Ақтөбе қаласындағы жылу желілерін жаңғырту жұмыстарының барысымен танысқанын атап өтті.

 

🔹 Облыс әкімі қазандықтар мен жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын толық аяқтау, анықталған ақауларды жою, мектептер, балабақшалар, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандардың жылыту жүйелерін тексеруді тапсырды. Сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлердің ішкі жылыту жүйелерін дайындауға баса назар аударуды міндеттеді.

 

Бұдан бөлек, қажетті отын қорын қалыптастыру мәселесі тұрақты бақылауда болуы тиіс. Жылу беру кезеңінде төтенше жағдайларға жол бермеу үшін авариялық бригадалар, арнайы техниканың және қажетті материалдардың дайындығын қамтамасыз ету қажет.

 

Жылу беру маусымына дайындық жұмыстары - тұрақты бақылауда.

Газбен Жабдықтау
20 августа 2026
Тұмабұлақ ауылына көгілдір отын келді

✨ Тұмабұлақ ауылына көгілдір отын келді

 

📍 Әйтеке би ауданының Тұмабұлақ ауылы тұрғындары газ тарту мәселесінің шешілуін асыға күтті. Енді міне, елді мекендегі 80 аула түгелдей көгілдір отынмен қамтылды.

 

📌Жоба Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру және елді мекендерді газдандыру туралы тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.

 

Газ құбырын тарту жұмыстарын «Влад» ЖШС 2026 жылдың сәуір айынан бастап жүргізді. Құрылыс барысында жалпы ұзындығы 53,6 шақырымды құрайтын жеткізуші және ауылішілік газ құбыры тартылды. Жоба құны 827 млн теңгеден асады.

 

Ал тапсырыс беруші – Ақтөбе облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы.

 

🔹 Газ құбырын іске қосу салтанатты рәсімінде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты. Ақсақалдар ақ батасын беріп, игі істің жүзеге асуына атсалысқан азаматтарға ризашылықтарын білдірді.

 

Тұмабұлақ ауылы аудан орталығынан 110 шақырым қашықта орналасқан. Ауылдың негізі 1961 жылы қаланды. Қазіргі таңда елді мекенде 450-ге жуық тұрғын тұрады.

 

Бүгінде Әйтеке би ауданындағы 27 елді мекеннің 21-і табиғи газбен қамтылған. Айта кетейік, осы аптада Жабасақ ауылына да газ берілмек. Нәтижесінде аудан халқының газбен қамтылу деңгейі 94,2 пайызға жетеді.

 

✨ Көгілдір отынның келуі – ауыл тұрғындары үшін жай ғана тұрмыстық қолайлылық емес, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды қадам. Тұмабұлақ жұрты үшін бұл күн – көптен күткен қуаныштың орындалған тарихи сәті.

18 августа 2026
Ақтөбеде жаңа кәріздік тазарту кешенінің құрылысы басталды

🏗️ Ақтөбеде жаңа кәріздік тазарту кешенінің құрылысы басталды

📌 Жаңа кәріздік тазарту қондырғысы 45 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан қолданыстағы станцияның орнын алмастырады. Жобаны іске асыру кәріз жүйесінің тозған инфрақұрылымын жаңартуға, орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылған халық үлесін арттыруға және қаланың болашақ дамуына қажетті қуат резервін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

⚜️ Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ақтөбе қаласындағы жаңа кәріздік тазарту станциясының құрылыс алаңына барды. Ол жоба және болашақ нысанның технологиялық шешімдерімен танысты.

📌 Қолданыстағы кәріз тазарту кешені 1981 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде оның тозу деңгейі шамамен 70%-ды құрайды. Тәулігіне келіп түсетін ағынды судың орташа көлемі 70–80 мың текше метр болса, су тасқыны кезеңінде бұл көрсеткіш 95 мың текше метрге дейін жетеді. Қазіргі таңда Ақтөбе халқының шамамен 62%-ы орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылған.

📈 Жаңа КТҚ тәулігіне 100 мың текше метр ағынды суды тазартуға қауқарлы. Ал ең жоғары жүктеме кезінде оның өнімділігі 130 мың текше метрге дейін жетеді. Құрылысты 2028 жылдың мамырында аяқтау жоспарлануда. Жобаның жалпы құны шамамен 43 млрд теңге.

🔹 «Aqtobe su-energy group» АҚ бас директоры Нағымжан Алдияровтың айтуынша, жаңа станцияның басты ерекшелігі – төрт деңгейлі тазарту жүйесінің енгізілуі. Технологиялық үдеріске механикалық және биологиялық тазарту, ультракүлгін сәулемен залалсыздандыру, сондай-ақ биогаз өндіру арқылы тұнбаны өңдеу кіреді. Тұнбаны кептіріп, түйіршіктерге айналдыру, ал биогазды электр энергиясын өндіруге пайдалану жоспарланған.

✅ Нысанда жұмыстар басталып кетті. Құрылыс алаңына мердігер ұйымның мамандары жұмылдырылған. Жұмыстар ауқымы кеңейген сайын жұмысшылар санын 350 адамға дейін арттыру жоспарланып отыр.

🔵 Жаңа КТҚ пайдалануға берілгеннен кейін тазартылған суды балық шаруашылығы мақсатында пайдалануға немесе белгіленген экологиялық талаптар сақталып, қажетті жобалық құжаттама болған жағдайда су нысанына ағызуға болады.

📆 Қолданыстағы тазарту қондырғылары жаңа станция іске қосылғанға дейін жұмысын жалғастырады. Одан кейін қазіргі КТҚ одан әрі пайдалану жағдайы және оны реконструкциялау қажеттілігі айқындалады.

🎯 Жобаны іске асыру қаланың су бұру жүйесіндегі маңызды нысанды жаңғырту, ағынды суларды тазарту сапасын арттыру және Ақтөбенің одан әрі дамуына мүмкіндік береді.


Сумен Жабдықтау
18 августа 2026
Әйтеке би ауданында халық сапалы ауызсумен толық қамтамасыз етілді

Әйтеке би ауданында халық сапалы ауызсумен толық қамтамасыз етілді

✅ Әйтеке би ауданындағы барлық елді мекенді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды. Жабасақ ауылдық округіне қарасты Аққұм ауылында орталықтандырылған су жүйесінің іске қосылуымен аудан халқының 100 пайызы таза ауызсуға қол жеткізді.

🏗️ Аққұм ауылында су құбырының құрылысы 2023 жылы басталған. Жобаны іске асыру барысында мердігер ұйым тарапынан қиындықтар туындап, жұмыстар уақытша тоқтатылды. Кейін мердігер ауыстырылып, құрылыс жұмыстары қайта жалғасып, толық аяқталды. Жобаны іске асыруға 168 миллион теңге бағытталды.

📌 Жүйе іске қосылғанға дейін ауыл тұрғындары құдық суын пайдаланып, суды үйлеріне өздері тасымалдаған. Бұл, әсіресе, егде жастағы тұрғындар үшін күнделікті тұрмыста қосымша қиындықтар туғызып келді.

🔹 Нысанның іске қосылуына арналған салтанатты шараға Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев, ауыл тұрғындары және мердігер ұйымның өкілдері қатысты.


🔵 Бүгінде Әйтеке би ауданында 27 елді мекен бар. Оның 22-сінде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі жұмыс істейді, ал бес елді мекенде суды сүзгіден өткізетін модульдік кешендер орнатылған. Осылайша, ауданның барлық елді мекені сапалы ауыз суға қол жеткізіп, халықты қамту деңгейі 100 пайызға жетті.

🎯 Ауылдық елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысының инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру тапсырмасы аясындағы негізгі міндеттердің бірі.

18 августа 2026
Ақтөбеде қаланың ескі бөлігінің 65 пайызын жылумен қамтитын жылу желісі жаңғыртылуда

Ақтөбеде қаланың ескі бөлігінің 65 пайызын жылумен қамтитын жылу желісі жаңғыртылуда

 Ақтөбеде жылу беру маусымына дайындық аясында жылу желілерін жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қаланың бірқатар учаскесінде әбден тозған құбырлар алынып, орнына жаңалары тартылуда. Облыс әкімі Асхат Шахаров Қарасай батыр көшесіндегі жұмыстардың барысын бағамдады.

 Қарасай батыр көшесінің Жүргенов көшесінен Жанқожа батыр көшесіне дейінгі аралығында ұзындығы 400 метр жылу желісі қайта жаңғыртылуда. Қолданыстағы диаметрі 530 миллиметр құбырдың орнына диаметрі 630 миллиметр жаңа құбыр тартылып отыр. Бұл желінің өткізу мүмкіндігін және жылумен қамтудың тұрақтылығын арттырып, қамтамасыз етеді.

 Қазір ескі құбырларды алу жұмыстары толық аяқталып, жаңа құбырлар орнатылды. Жұмыстың соңғы кезеңінде жылу желісі өтетін арна жасалып жатыр. Нысанда 21 маман мен 16 арнайы техника жұмыс істеуде.

Бұл учаскедегі жылу желісі 1967 жылы салынған. Соңғы рет 2007 жылы жөнделіпті. Жаңғырту жұмыстарына 366,7 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалады. Жұмыстарды кәсіпорын өз күшімен жүргізіп жатыр. Нысанды 25 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған.

 Облыс әкімі жауапты қызметтерге жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау және жылумен қамту нысандарындағы жөндеу жұмыстарының созылып кетуіне жол бермеуді тапсырды.

Тұрғын үй қатынастары
11 августа 2026
Мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге де ерекше көңіл бөліп отыр.

Мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге де ерекше көңіл бөліп отыр.

Биыл Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін 22,3 миллиард теңгеге шамамен 1 200 дайын пәтер сатып алу жоспарланған.

Тұрғын үй қатынастары
11 августа 2026
Өңір дамуының басты көрсеткіштерінің бірі – тұрғын үй құрылысы.

Өңір дамуының басты көрсеткіштерінің бірі – тұрғын үй құрылысы.

Тәуелсіздік жылдарында Ақтөбе облысында 15 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Соңғы үш жылда өңір тұрғын үй құрылысының қарқыны бойынша республика көшбасшыларының қатарынан тұрақты орын алып келеді.

 Биылғы жылдың алты айында барлық қаржыландыру көздері есебінен 404 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен жоғары. Жыл соңына дейін кемінде 1 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

 Тұрғын үй құрылысының қарқыны артқан сайын инженерлік инфрақұрылым да қатар дамуда. Биыл бюджеттен инженерлік желілерді дамытуға арналған төрт жобаны іске асыруға 3,2 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде 3 809 жер телімі электр, газ және сумен қамтамасыз етіледі.

Газбен Жабдықтау
11 августа 2026
Қобда ауданының ең шалғай жатқан Жиренқопа мен Көкүй ауылдарына газ тарту құбырының құрылысы басталады

Қобда ауданының ең шалғай жатқан Жиренқопа мен Көкүй ауылдарына газ тарту құбырының құрылысы басталады

Алдағы екі жылда Қобда ауданындағы 14 ауыл газдандырылады.

 Қобда ауданында ауылдық елді мекендерді газдандыру бағытындағы ауқымды жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Жұмыс сапары барысында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ауданның екі ауылында газ құбыры құрылысының басталуымен танысты.

 Жоба аясында жалпы ұзындығы шамамен 150 шақырымды құрайтын магистральдық және ауылішілік газ желілері салынады. Жобаның жалпы құны – 4 млрд теңге. Биыл құрылыс-монтаж жұмыстарының негізгі бөлігі орындалады деп жоспарланған.

 Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаевтың айтуынша, бұл жоба ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін стратегиялық маңызға ие. Жаңа газ инфрақұрылымы алдағы уақытта Қобда ауданындағы тағы 12 елді мекенді – Сөгәлі, Қоғалы, Қаракемер, Қызылжар, Ақырап, Қанай, Жарық, Жаманкөл, Ортақ, Құрсай, Өтек және Ақсай ауылдарын газдандыруға техникалық мүмкіндік береді. Нәтижесінде үш мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізеді.

Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары толық аяқталды. Жақын күндері геодезиялық зерттеу жүргізіліп, газ құбырын тарту жұмыстары басталады. Жобаны 2027 жылы толық аяқтау жоспарланған.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері