Жиі қойылатын сұрақтар
Шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану(жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсынылатын жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады
- Конкурсқа қатысуға арналған өтінім
- Конкурстық ұсыныс.
Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялар, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандарының болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны)
Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау.
Конкурстықұсыныстың беттері нөмерленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямын жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін- қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін- бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң 15 жұмыс күн аралығында өткізілетін болады.
Аукционға қатысу үшін мыналарды:
1) жеке тұлғалар үшін: — жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: — бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын-ала тіркелу қажет.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қол қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні жер комиссиясы түскен жабық конверттерді ашу жолымен (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) конкурстың қорытындысын шығарады.
Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:
- конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс;
Конкурстық ұсыныста:
- Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;
3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
25 АЕК яғни, 72925 теңге. Қолға тиесілі 66804 теңге
29 жасқа дейін
Зейнеткерлер мемлекеттік грантқа қатыса алмайды.
Мемлекеттік грантты екінші мәрте ала-алмайсыз.
"Egov" порталымен электрондық қол қою арқылы тапсыра аласыз
Үкімет тарапынан бөлінетін субсидия ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне (АШТӨ) беріледі. Субсидия алу үшін субсидиялаудың ақпараттық жүйесі электронды веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталға кіру үшін міндетті түрде ЭЦҚ қажет. АШТӨ-нің ЭЦҚ кілті арқылы өтінім бере алады.