Құрылым

Ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық бөлімшесі аудан әкімінің өкілетті және орындаушы органдармен байланысын қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы Президенті, Үкімет актілерінің, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімі, аппарат басшысы тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Бөлім жұмысының құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы және Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері, аудан әкімінің аппараты туралы Ереже құрайды. Бөлім өзінің практикалық жұмысында басқа аудандық құрылымдық бөлімдермен, аудандық Мәслихатпен, басқа да мемлекеттік органдармен іскерлік байланыста болуда.

Толығырақ

Телефон:

8 (71331) 21-6-55

Электрондық пошта:

r.mustafina@aktobe.gov.kz

Ақпараттық-талдау бөлімі

Аудан әкімінің аппаратының ақпараттық-талдау бөлімі: аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етеді, ауданның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына мониторинг жүргізеді, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын талдайды және проблемалық мәселелерді анықтайды, аудан әкімінің қызметін ақпараттық сүйемелдеуді, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Толығырақ

Телефон:

8 (71331) 21-1-64

Электрондық пошта:

i.iztleuov@aktobe.gov.kz

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

Бөлімнің негізгі міндеттері құжаттау ережелеріне сәйкес аппаратта және оның бөлімдерінде іс жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілеу, құжаттау процестерін жетілдіру, компьютерлендіру базасында басқару еңбегінің сапасын арттыру және бөлімдерде осы жұмысты бақылау болып табылады. Ұсыныстарды, өтініштерді, шағымдарды және ауызша өтініштерді қараудың бірыңғай тәртібін жүзеге асыру және олардың қаралуын бақылау.

Толығырақ

Телефон:

8 (71331) 21-9-14

Электрондық пошта:

d.baiturova@aktobe.gov.kz

Служба управления персоналом (кадровая служба)

Мәртөк ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі кадрлық қамтамасыз ету, кадрлық мәселелер бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын аудан әкімі аппаратының бөлімі болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

8 (71331) 22-0-06

Электрондық пошта:

d.imaniyazova@aktobe.gov.kz

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру және ақпараттық технологиялар бөлімі

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесі: Мемлекеттік қызмет көрсетудің жұмысын үйлестіреді, Ауданның мемлекеттік органдарында "электронды үкімет" іс-шараларын енгізу тиімділігіне мониторинг жасайды, көрсетілетін мемлекеттік қызмет саласына қатысты мемлекеттік органдар тарапынан заңнамалық актілердің күшіне енуін бақылау және үйлестіруін бақылайды.

Толығырақ

Телефон:

8 (71331) 22-00-6

Электрондық пошта:

a.hasenova@aktobe.gov.kz