Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455 «Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Ақтөбе облыстық мәслихаты шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 2 тамыздағы № 455

«Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне

өзгеріс енгізу туралы Ақтөбе облыстық мәслихаты шешімінің жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ болып табылады.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының
2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген, Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларының 4-тармағына сәйкес негізделген.

Бұл нормативтік құқықтық акті http://energetika.aktobe.gov.kz/ru/ сайтында орналастырылды.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2023 жылдың 28 тамыз күні орналастырылды.